"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БОЛАШАҚҚА БОЛЖАМ «АУЗЫҢА МАЙ, АСТЫҢА ТАЙ» ДЕГІЗЕДІ

Сенбі, 30 Желтоқсан 2017 20:56

 

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,«Оңтүстік Қазақстан».

Тарих сахнасынан тағы бір жыл сырғып өте шықты. Ит жылы төрге озды. Жалпы, біз адамның досы саналатын ит туралы не білеміз?

Адамзат тарихы жеті қазынаның бірі итпен тағдырлас, тамырлас өрілетінінде үлкен бір тылсым сыр бар. Ит – адамның қолға үйренген ең алғашқы үй хайуаны. Тіпті, оны жаратылыстың алғашқы кезеңдерімен байланыстырады. Адам Ата мен Хауа Ана заманында аймақты топан су алып, егістік бүлінеді. Міне, сол кезде ит су астынан бір уыс масақты тістеп алып шығады. Келер жылы көктемде Адам Ата мен Хауа Ана осы масақтан алған бір уыс дәнді жерге егеді. Тіршілік осылай қайтадан жалғастық тауыпты деседі. Содан былай ит адамның айнымас досы болып қалады.

Тас дәуірінен бермен қарай адамның досы болып келе жатқан иттің қандай қасиетін білеміз? Енді соған тоқталайық. Әлемде иттің 703 түрі кездесетінін ғалымдар жазып жүр. Иттер 250 сөз бен қимылды есте сақтай алады екен. Олар тіпті беске дейін санап, қосу-алу секілді қарапайым есепті игерген деседі кинологтар. Оның зеректігі екі жасар баланікімен бірдей дегенді де ғалымдар айтқан. Ит өткен өмірдегі иісті ешқашан ұмытпайды. Ал, жаңбыр жауғанда иттердің паналайтын, тасаланатын жер іздеп жүгіріп кететіні бар ғой. Бұл олардың су болудан қорыққанынан емес екен. Иттің дыбыс есту жүйесі (құлағы) жақсы дамыған. Жаңбырдың даусы иттердің мазасын қашырады екен де, олар пана іздеп әуреленетін көрінеді. Біз болсақ оны жауыннан тығылып жүр деп ойлаймыз. Сондай-ақ, төрт аяқты досымыз адам эмоциясын бір қарағаннан-ақ жақсы түсінеді. Егер иесі мұңайып, ашуланып тұрса маңайына жоламайды. Тіпті, олар адамның ұялып тұрғанын да сезеді.

Ит жылының басты сипаттамасы – махаббат пен адалдық.

Жұлдызнамаға жүгінсек, ит жылы туылғандар сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласады екен. Бірақ, мұнысын өзі де сезбей қалады. Алайда, ешкімге зияны жоқ.

Бізге осы «ешкімге зияны жоқ» екені де ұнайды.

Танымал нумеролог Айсұлу Ахимова жылдың негізінде данышпандық, дипломатия, әдеп пен рухани баю бар деп жорамалдайды. Бұл да біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен үндесіп тұр. Нумеролог «өздерін рухани тұрғыдан дамытқан жандарды қаржылық табыстар күтіп тұр» дейді. Белгілі экстрасенс Әлия Сәлімова «2018 жылы Қазақстан гүлдене түседі. Әлемдегі дамыған әрі ауқатты 4 елдің қатарына енеді. 2018 жыл Қазақстан үшін жайлы жыл. Егіс бітік шығып, тұрғындар шетелдерге демалысқа көптеп бармақ. Экспорт көлемі артады. Елде тұрақтылық сақталып, тұрғындар бейбіт өмір сүреді» деп болжайды. Мұндайда қазақ «аузыңа май, астыңа тай» демеуші ме еді? Айсұлу мен Әлияның айтқандары келсін делік.

Сонымен, табалдырықты Ит жылы аттады. Ежелден досымыз һәм құтқарушымыз, қорғанышымыз Ит десек, оның атымен аталатын Жаңа жыл бізге бақ пен береке, мол байлық пен шаттық, махаббат пен адалдық алып келсін!

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper