"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨРIКТI НЫСАНДАРЫ

Сенбі, 30 Желтоқсан 2017 20:45
ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨРIКТI НЫСАНДАРЫ

 

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Тарих қойнауына кетiп бара жатқан тауық жылында өңiрiмiзде көптеген игi iстер атқарылды. Әсiресе, құрылыс саласында жағымды жаңалықтар көп болды. Солардың iшiнде, көпқабатты тұрғын үйлердiң, мектеп, балабақша, ауруханалардың құрылыстары биыл қарқынды жүргiзiлдi.

 

Облыстық құрылыс басқармасы таратқан мәлiметке сүйенсек, 2017 жылы өңiрiмiзде жалпы саны 115 құрылыс нысаны пайдалануға берiлiптi. Сонымен бiрге, бүгiнгi таңда облыста 79 жаңа мектеп пен 3 кәсiптiк бiлiм беру мекемесiнiң ғимараты салынуда. Мемлекеттiк «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық, облыстық бюджет қаржысына тұрғызылып жатқан аталмыш бiлiм ошақтарының 32-сi биыл оқушыларға есiгiн айқара ашты. Ал, қалған 50 мектептiң құрылысын келесi жылы бiтiру көзделуде.

Сонымен қатар, тауық жылында жаңадан 34 медициналық мекеме бой көтерiп, ел игiлiгiне тапсырылды. 2018 жылы өңiрдегi медициналық ұйымдар 4 емхана мен 1 дәрiгерлiк амбулаториямен толыға түспек.

Сондай-ақ, биыл Сарыағаш пен Бәйдiбек аудандарында мәдениет ошақтары ашылды. Бұдан бөлек, Түркiстан қаласындағы Қарашық өзенiнен салынған кiшi су қоймасы пайдалануға берiлдi. Ал, Отырар ауданындағы Арыс өзенi жағалауын реттеу, Шымкент қаласындағы бұрынғы қоқыс полигонын саябаққа айналдыру секiлдi жұмыстар келесi жылы аяқталады деп күтiлуде. Сонымен, биыл әлеуметтiк нысандардан 32 мектеп, 34 денсаулық сақтау мекемесi, 2 мәдениет үйi салынып, ел игiлiгiне берiлдi.

Сондай-ақ, тауық жылында 279 көпқабатты тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлдi. Олардың жалпы ауданы 995,7 мың шаршы метрдi құрайды. Ол – 14694 пәтер. Келер жылға дейiн 109 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берiлуi тиiс. Демек, биыл жүздеген отбасы баспанаға қол жеткiздi деген сөз. Құрылыс саласында бұл жыл несiмен есте қалды десек, Төлеби ауданында бiр мезетте 480 отбасыға пәтер кiлтi тапсырылды. Мұндай қуанышты жағдай аудан тарихында бұрын-соңды болмаған! Мемлекет үшiн тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бiрiншi кезектегi мәселе болғандықтан, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы келесi жылы да жалғасын тауып, халық санының өсуiне қарай берiлетiн пәтерлер де жылдан-жылға көбейе түспек.

Осы тұста айта кетейiк, бұрын Кеңес Одағы кезiнде мейлi әлеуметтiк нысандар немесе көпқабатты үйлер болсын, қандай ғимарат болса да сәулет тұрғысынан сұрықсыз, бiр-бiрiнен аумайтын. Олар барынша қарабайыр түрде салына салатын. Қалай болғанда да сол кезгi үйлер мен қазiргi ғимараттарды сән жағынан да, сапа жағынан да қатар қоя алмайсыз. Бұрынғы көпқабатты үйлер «iшiнде әйтеуiр адамдар өмiр сүре алса болды» деген қағидамен салынса, бүгiнде ғимараттың сапасымен бiрге, оның iшкi-сыртқы дизайнына да баса мән берiледi. Осы тұрғыдан алғанда, пайдалануға берiлiп жатқан бүгiнгi үйлердi тек баспана ғана емес, сонымен бiрге өзiндiк бiр стильдiк ерекшелiгi бар архитектуралық нысан ретiнде де қабылдауымызға болады. Әсiресе, жеке құрылыс компаниялары салып жатқан көпқабатты үйлер өзiнiң әсемдiгiмен көз сүйсiндiредi.

Мақаламыздың басында айтқанымыздай, биыл қаншама тұрғын үй, қаншама әлеуметтiк және өзге де нысандар бой көтердi. Ал, солардың iшiнде, Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлiмi мамандарының пiкiрiнше, сәулеттiк көркемдiгi жағынан ерекше деп атап өтуге тұрарлық қос ғимарат бар. Олар шын мәнiсiнде 2017 жылдың ең көрiктi нысандары болып саналуға әбден лайықты-ақ. Сонымен, шаһар сәулетшiлерiнiң бағалауынша, бұл Шымкент қаласы «Тұлпар» шағынауданында жеке инвесторлардың қаржысымен тұрғызылған 5 қабатты тұрғын үй мен «Терiскей» шағынауданындағы бұрынғы «Күлтай ана» базарының орнынан жаңадан бой көтерген «Север» сауда үйi.

Құрылыс саласының ел экономикасы үшiн мультипликативтi әсерi күштi. Бiр ғана ғимаратты салу арқылы қосымша қаншама өндiрiстiң дамуына серпiн берiп жатыр. Сондықтан бүгiнде өңiрiмiзде тек құрылыс жұмыстары жүргiзiлмейдi, оған қажеттi көптеген құрылыс материалдары да өндiрiледi. Құдайға шүкiр, ғимараттың iшкi әрлеу жұмыстарына керектi материалдың көбi өзiмiзде шығарылады. Бұл салада жеткен жетiстiгiмiз мiне, осындай!

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper