"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕСIМ – АТ ӘЛЕМIНЕ САЯХАТ

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 10:44
ЕСIМ – АТ ӘЛЕМIНЕ САЯХАТ

 

Балаға ат қою – үлкен мәселе, тiптi өмiрлiк мәселе. Алайда, оған кей-кейде жеңiл қарап, баланы үйлесiмсiз есiммен атай салатынымыз бар. Осыдан ол өзiнiң атын атаудан өмiр бойы ыңғайсызданып жүредi. Мен мұндай жағдай туралы өзiмiздiң өмiрiмiзден алынған деректер негiзiнде бiр-екi мақала жазған да болатынмын. Ал, шетелдердiң кейбiр халқында бұл мәселе бойынша бiздегiден де қызық жағдайлар бар. Мысалы... Италияның Неаполь қаласының тұрғындары ерлi-зайыпты Джузеппе және Анджела Насти өздерiнiң сәбиiне «Еркiн ғылым – адамзат қызметiнде» деген есiм берген. Рас, құжат беретiн мекеме мұны тiркеуден өткiзуге қарсы болып, содан едәуiрге созылған айтыс-тартыстан кейiн екi жақ келiсiмге келген. «Еркiн» деген сөздiң соңынан үтiр қойылып, әлгi есiм тiркеуге алынған. Ал, АҚШ-тың Нашвилл қаласының тұрғыны Мари деген әйел боксты өте ұнататын болған да, өзiнiң жарық дүниеге келген сәбиiн 25 боксшының есiмiмен атапты: Отем Салливанн Корбетт Али Джефферис Харт Бернс Джонсон Уиллард Демпси Танни Шмелинг Шарки Карнера Бэр Фрейзэр Форман Клэи Браун, тағы басқа.

 

Гавайдың астанасы Гонолулу қаласы муниципальдiк кеңесiнiң бiр мүшесiн қарсыластары: «Сен өзiңнiң есiмiңдi де жөндемдi бiле бермейсiң, айта да алмайсың!» деп сынға алады екен. Оның аты-жөнi: Кекоолаулинонапаланлыило Д.Кааппуавоаркамихалиха. Иә, мұндай аты-жөндi айтуда жаңылысу да, ұмыту да әбден мүмкiн ғой.

Эквадор мемлекетiнiң Мерона провинциясында сәбиге адамның қадiр-қасиетiн түсiретiн әдеттен тыс есiм беруге тыйым салатын тәртiп қолданыла бастапты. Бұған баланы Мегафон, Симфония, Горшок, Сковорода сияқты үйлесiмсiз аттармен атаудың жиiлеуi себеп болды дейдi. Баспасөз хабарларына қарағанда, дәстүрлi емес есiмдерге әуестiк Германияда да асқына бастаған. Бұл елде Телевизор, Омо (кiр жуатын ұнтақ атауы), Поляронд (фотоаппарат атауы) аталатын балалар тiптi көбейе бастаған. Француздардың халық биi Фарандола мен атақты Ламбада атындағы қыздар да аз емес екен. Осы елдiң Петр және Вольфрам Рудель деген ерлi-зайыптылары балаларына металл-химиялық элементтiк есiмдер қойыпты. Тұңғыш ұлын – Молибден, ортаншы ұлын – Қорғасын, ал, қызын – Сынап (Киксильбер) деп атапты.

Есiмдер бойынша деректер iздестiре бастасақ, неше түрлi қызыққа кенелесiң. Швейцариядағы Золотурн қаласының тұрғындары Леонард пен Эстер Шварценберг көп уақыт бiр перзентке зар болыпты. Содан бiр күнi Эстер ханым дүниеге шекесi торсықтай ұл әкелiптi. Бұған қатты қуанған әке жергiлiктi гимназияның математика пәнiнiң мұғалiмi Леонард бұл ұлына Катет деп ат қойыпты. Әне-мiне дегенше өмiрге екiншi ұл бала да келiп қалады. Ол – Тангенс болады. Үшiншi болып қыз бала туылады. Математик әке қызын Гипотенуза деп атапты. Ал, түркiменстандық тарих пәнiнiң мұғалiмi егiз баласының бiрiн Диамат (диалектикалық материализм), екiншiсiн Истмат (исторический – тарихи материализм) деп атапты. Чикаго қаласының (АҚШ) дәрiгерi Джексон бес баласын өзiнiң мамандығы бойынша медицина тiлiмен Менингит, Ларингит, Аппендицит, Перитонит және Танзиллит деп шоқындырыпты.

Қазiр Болгария, Чехия, Словакия және Польшада, сондай-ақ Латвия, Эстонияда есiм ауыстыру жиiлеп тұр. Бiздегiдей бұл елдерде де Тормил (Торжество марксизма-ленинизма), Вил (Владимир Ильич Ленин), Вилан (В.И.Ленин-академия наук), Винун (Вл.Ильич не умрет никогда), тағысын-тағы осындай есiмдер бар екен. Олар осы есiмдерiнен бас тартуда дейдi.

Дәстүрлi емес, бiртүрлiлеу есiмдiлер бiздiң елiмiзде де бар. Мұндай есiмдiлер әсiресе соңғы кезде көбейе түскен. 2016 жылдың шiлдесiне дейiн бiзде Мәслихат есiмдi 27 бала, Мәжiлiс есiмдi 21 бала, сондай-ақ, 11 – Пионер, 7 – Сенат, 7 – Партия, 7 – Комсомол, 142 – Отан, 225 – Маркс атты бала болған. Сондай-ақ, Сашаалександрлюдовик, Эдельвейс есiмдi ұлдар мен Василисамейiрiм, Клеопатраалина, Сюзаннавиктория есiмдi қыздар да өсiп келедi...

Сәдiл КӘДЕЕВ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper