"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ... НҰРЛЫ ТАҢЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!» ИДЕЯСЫ ОСЫЛАЙ ТУҒАН

Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 09:56
«ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ... НҰРЛЫ ТАҢЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!» ИДЕЯСЫ ОСЫЛАЙ ТУҒАН

 

Шымкент шаһарындағы «Асар» шағынауданы – Елбасымыз Н.Назарбаевтың сырттағы қазақтарды елге шақыруының арқасында дүниеге келген елдi мекен. Соңғы үлгiдегi 2200 орынды 2 мектеп, 280 орынды 3 балабақша, ауылдық-дәрiгерлiк пункт, полицияның тiрек пунктi – осының бәрi тәуелсiздiктiң жемiсi. Бiрақ, басты мерекемiздiң көбiнесе Жаңа жылдың көлеңкесiнде қалып кете беретiнi жанымызға батып жүрдi. Оның қадiр-қасиетiн жас ұрпақтың санасына сiңiре берейiк және оны өзiмiзден бастайық деген оймен мектеп дәлiзiнiң кiреберiсiне «Тәуелсiздiктiң ..... нұрлы таңы құтты болсын!» деген табло жасатып қойдық. Мысалы, 2017 жылдың 16 желтоқсаны күнi табло Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiнде өмiр сүргенiне 9469 күн толғанын көрсетiп тұрды. Әр жұмыс күнiмiз бiрiншi сабақтан 10-15 минут бұрын мектептiң барлық кабинет, бөлмелерiнде дауыс күшейткiшi орнатылған өзiмiздiң радиоторабымыздан тәуелсiздiгiмiздiң нұрлы таңын құттықтаумен басталады. Күнiге осылай! Одан соң сол күнi атқарылар iс-шаралар таныстырылады.

 

Бiз шәкiрттерiмiзге «таңертең ұйқыдан тұра сап әкеңiз бен анаңыздың, одан соң өзiңiзден үлкен әпке, ағаларыңыз болса олардың да қолын алып, көзiне күлiмсiреп қарап тұрып, дәл осы тiлектi айтып, «Қазақ елi мәңгiлiк ел болсын!» деп сәлем беретiн болыңыздар» деп үйретемiз. Балалар соған дағдыланып қалды. Өзiмнiң 4-сынып пен 2-сыныпта оқитын үш немерем таңертең жуына салып маған жүгiрiп келедi. Алдымен үлкенi, сосын кiшiлерi бiрiнен соң бiрi кезекпен дауыстап сәлем бередi. Мен олардың әрқайсысының арқасынан қағып, маңдайынан сүйемiн. «Айтқаның келсiн, айналайын! Елiмiз мәңгiлiк ел болсын!» деп аталық батамды беремiн. Мен бұл тiлектi есiткен сайын рухтанамын...

Сондай-ақ, мектептегi кез келген iс-шара: «Құрметтi ұстаздар! Құрметтi оқушылар! Тәуелсiздiктiң бүгiнгi пәленiншi нұрлы таңы құтты болсын!» деген тiлекпен басталады.

Бiз неге бұлай етемiз? Осы күнге жеткен бар, ал, жете алмағандар олардан сан мыңдаған есе көп. Қолымыздағы құндылықтың бағасына жетпей жүрген жан қаншама! Алматы қаласының әкiмi болған бiр азаматтың теледидардан «мен бұл күнi қалада болмаймын, өйткенi, сол күнi менiң туған күнiм» дегенiн естiп, жағамды ұстағанмын. «Қой, оған ренжiмейiк, одан-дағы Тәуелсiздiктi баянды ету үшiн өз қолымыздан не келедi, соны iстейiк» деген ой келдi. Мектептегi ұстаздармен, ауылдағы үлкендермен ақылдастық, табло идеясы осылай туды...

Ал, Тәуелсiздiкке жете алмай жүрген ұлт қаншама! Осыдан үш жыл бұрын Қытайда болдым, сонда ұйғырлардың ахуалын көрдiм. Соның алдында Құлжада ұйғырлар бас көтерген жоқ па едi? «Мiне, содан берi қытайландыру саясаты қатты қарқынмен жүрiп жатыр» дейдi олар.

Сол күнi кешке 32 қабатты қонақүйдiң төбесiндегi серуен құратын алаңға шығып алдым-дағы, Жұбан Молдағалиевтiң «Мен – қазақпын!» поэмасынан ойымда қалған екi шумағын еркiмнен тыс, қайта-қайта айтумен болдым.

Мен – қазақпын, мың өлiп, мың тiрiлген.

Жөргегiмде таныстым мұң тiлiмен.

Жылағанда жүрегiм күн тұтылып,

Қуанғанда күлкiмнен түн түрiлген!

 

Мен – қазақпын, биiкпiн, байтақ елмiн.

Қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.

Мен мың да бiр тiрiлдiм қайта өлмеске –

Айта бергiм келедi, айта бергiм!

 

Шынында да ғажап шумақтар ғой!

Қасым АТАБАЕВ, Шымкент қаласындағы №89 мектептiң директоры.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper