"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ШАТҚАЛДАРДА АҢ-ҚҰСЫМЫЗ ӨРIП ЖҮР...

Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 09:44
ШАТҚАЛДАРДА АҢ-ҚҰСЫМЫЗ ӨРIП ЖҮР...

 

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымыз ғасырлар бойы туған жердiң табиғатын көздiң қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемдi әрi орынды жұмсайтын теңдесi жоқ экологиялық өмiр салтын ұстанып келедi» деп ата-бабаларымыздың туған жерге, табиғатқа деген қарым-қатынасын үлгi етiп ұсынады.

Ал, бүгiнде туған жердiң табиғатына немқұрайды қарайтындардың аз еместiгiне қынжылыс бiлдiредi. Бұған ендiгi жерде жол жоқ. Сондықтан облыс әкiмi Ж.Түймебаевтың тiкелей тапсырмасымен туған жердi түлетуде көптеген жұмыстар атқарылып келедi. Соның бiрi – «Шатқал» бағдарламасы. Облыс орталығын көрiктендiру және көгалдандыру iсiне Бадам орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi де өз үлесiн қосуда. ҚР «Орман кодексiн» басшылыққа ала отырып, мекемеге қарасты орман қоры жерлерiндегi орын алған заңсыздықтар дер кезiнде анықталып, шара көрiлуде.

Биылғы 11 айда мекемеде 127 рет тексеру ұйымдастырылды. Құқық қорғау қызметкерлерiмен – 5, жергiлiктi әкiмшiлiкпен – 4, мекеме қызметкерлерiнiң қатысуымен 118 рейд ұйымдастырылып, 32 заң бұзушылық оқиғасы анықталды. Соның iшiнде 3 заңсыз аң аулау оқиғасы анықталып, хаттама толтырылып, салынған айыппұл толығымен өндiрiлдi. Бадам орманында аң-құстар санының көбейiп, тұрақты өсiп-өнуiне жағдай жасау үшiн тиiстi биотехникалық iс-шаралар атқарылды. Сондай-ақ, аң-құстардың санын анықтау үшiн жылына 2 рет санақ жүргiзiледi.

Боралдай, Ордабасы, Шымкент орманшылықтарындағы аң-құстар мен Қазақстан Республикасының «Қызыл кiтабына» енген, жойылып кету қаупi бар аң-құстардың есебiн жүргiздiк. Боралдай орманшылығынан 18 елiк есепке алынды. Қызылтас, Бозбұтақ шатқалдарынан 28 Қаратау арқарын көре алдық. Осы шатқалдардағы тобылғы iшiнен кекiлiк, шiл құстарын байқадық. Бұл аң-құстардың 2015-2016 жылдарға қарағанда екi есеге көбейгенiн анықтадық.

Ордабасы орманшылығында қырғауылды көбейту мақсатында көлемi 5 гектарлық бекет ашып, астаулар қойылды. Аналық қырғауылдардың балапандарды көп ашқаны қуантты. Шымкент орманшылығына қарасты Көлкент бөлiмiнде үйректер мен аңдардың көбейгенi байқалып отыр. Ақсу өзенi бойында да қырғауыл көп.

Аң-құстарды қорғау мақсатында елдi мекендер мен шаруа қожалықтарында үгiт-насихат жұмыстары кеңiнен жүргiзiлуде. Бұл ретте бiзге облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы Ж.Сұлтанов ұдайы көмек көрсетiп келедi.

Табиғат – бүкiл тiршiлiк атаулының ұясы. Ендеше, ата-баба аманатына адал болып, ортақ ұяны көзiмiздiң қарашығындай сақтау – қай-қайсысымыздың да азаматтық борышымыз.

Нұризат АСАБАЕВ, Бадам орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесiнiң аң қорғау инженерi.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper