"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БАРЛЫҚ АУЫРТПАШЫЛЫҚҚА ШЫДАҒАН АНА ЖҮРЕГI

Сенбі, 16 Желтоқсан 2017 14:15
БАРЛЫҚ АУЫРТПАШЫЛЫҚҚА ШЫДАҒАН АНА ЖҮРЕГI

 

Қызының тауқыметiн көтере алмады

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бiздiң отбасымызға тигiзген залал-зардабы аз болмады. Анамыз Гүлжан Алтаева әкемiз 1941 жылы соғысқа кеткен соң күндiз-түнi колхоздың жұмысынан көз ашпай, екi жетiмегiн асыраймын деп еңбек еттi. Бiз өстiк, жетiлдiк. Анамыздың арқасында жоғары бiлiм алдық. Алайда, соғыс жылдарында қаншама ауыртпалық болса да шыдаған жүрек Желтоқсан оқиғасында сыр бердi. Ол былай болған едi.

 

Сiңлiм Гүлмира Керiмбекова оқып жүрген жерiнде төрт қыз болып бiрiгiп, Мәскеудiң шешiмiне қарсы шығады. Содан оларға «Шырмауық» деген қара таңба таңылып, қуғындауға түседi. Әскерилер үйге басып кiрiп, сiңлiмдi шашынан сүйреп алып шыққан сәттi анам көрiп, жүрек талмасына ұшырайды. Анамның бұл кеселi отбасымызға үлкен қайғы әкелдi. Жыл сайын жұрт «желтоқсан» деп шулап жатқанда бiз төсек тартып тiлсiз жатқан анамыздың басында отырамыз. Осы аурумен 4 жыл айқастық. Әскерилердiң сiңлiмдi соққыға жыққаны ана жүрегiне ауыр дерт әкелiптi. Дәрiгерлер содан қатты шошынған дейдi.

Анамыз осы дерттен 1991 жылы көз жұмды. Әйтсе де, бiр нәрсе көңiлге демеу. Сiңлiм Гүлмира бастаған қыздардың талап-тiлегi орындалды. Елiмiз Тәуелсiздiк алып қуандық. «Тәуелсiздiк алдық» дегендi естiген ана жүрегi соңғы рет бiр бұлқынып барып мәңгiлiк тыныштық тапты. Осы құдыреттi сөздер қуаты бiздiң отбасымызды қайғыдан арылтып, қуанышты күндерге жетеледi. Әкемiз Мырзакерiм мен анамыз Гүлжанның әруағы ырза болсын деп осы мақаланы жазып отырмын.

Сәбира КЕРIМБЕКОВА, зейнеткер. Керегетас ауылы, Төлеби ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper