"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«АЛАҢҒА БАРҒАНДА АЯҒЫМ АУЫР ЕДI...»

Сенбі, 16 Желтоқсан 2017 14:14
«АЛАҢҒА БАРҒАНДА АЯҒЫМ АУЫР ЕДI...»

 

Ахметжан БЕРДIҚҰЛОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

«Шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрған, Егемендi ел болсақ деп талпынған» деп ақын М.Шаханов жырлағандай, жастардың бүгiнгi тәуелсiздiкке қосқан үлесi ұшан-теңiз. Биыл сол бiр ызғарлы күндер оқиғасына тура 31 жыл толып отыр. Желтоқсан оқиғасының куәгерi Нұржамал Беймiшова үшiн бұл ай көңiлiн алабөтен сезiм билейтiн кез. 31 жыл бұрын 21 жастағы студенттiң жастыққа тән өжеттiлiкпен аяғы ауыр болса да алаңға шығып, басын қатерге тiккенi ерлiк деген ұғымнан да жоғары iс едi.

 

– Сабақ кезiнде бiр бейтаныс адам кабинеттерге бас сұғып: «Ертең бiз орталық алаңға шығамыз» дегендi айтып шықты. Әрине, «Қазақты неге қазақ басқармайды?» деген сауалдың сан көңiлде тұрғаны анық-тұғын. Жастардың бәрi өз ойымен әуре. Ертеңiне сабаққа келгенде бәрiмiз жиылып, орталық алаңға баруды шештiк. Мұғалiмдерiмiз де тым-тырыс, ешкiмнiң ешкiммен жұмысы жоқ. Трамвайға мiндiк те кете бардық. Аяғым болса ауыр. Бар ойым алаңға жету. Үлкен кiсiлер сол жерде бәрiн түсiндiретiн шығар дегенбiз. Мәскеу райынан қайтып, қайтадан өзiмiздiң бiр қазақты қоятын шығар деп сендiк. Мұз кешiп Брежнев алаңына барсақ, ұран, плакат ұстаған адамдар жиналып қалыпты. Солардың қатарына қосылдық. Күн өңменнен өтердей суық. Жанымдағылар «Сен берi таман тұрсаңшы, аяғың ауыр ғой» деп жатыр. Кетiп қалсам да болатын едi, бiрақ кеткiм келмедi. Кешке дейiн сонда болдық. Қазiр сол кездi ойласам, жүрегiм ауырады. Алматыда қайынәпкемнiң үйiнде тұратынмын. Үйге келген соң ешкiмге тiс жарып, ештеңе айта алмадым, – деп еске алады Нұржамал сол кездi.

– Бұл оқиға туралы ешкiмге айта алмауымның себебi бар, – деп сабақтады сөзiн ол. – Алаңға шыққан студенттердiң оқу орындарын тексерiп, әрбiр студенттен жеке-жеке жауап алған милиция қызметкерлерi мен оқитын политехникумға да келген. «Оқудан шығарады» дегендi естiп, мұны өзiм келiн болып түскен шаңыраққа жаманатты болмайын деп, сырымды сақтадым, сөйтiп. Әйтеуiр, ақыры тыныш болды ғой.

Нұржамал Беймiшова – Қарасу ауылының тумасы. Осы ауылдағы орта мектепте бiлiм берген ұстаздарын үлкен тебiренiспен еске алады. Ұстаздары О.Марин, А.Сапарбаев, А.Дәрменов, Р.Матайбекованы ерекше құрмет тұтады. Әңгiмесiнен сол бiр алаңсыз кезеңге деген сағыныш лебi байқалады. Алматыға оқуға түстi, кейiн өмiрлiк серiгiн тауып, тағдырдың жазуымен Қайнарбұлаққа келiн болып түседi. Соңғы курста оқып жүргенiнде құрсағындағы 8 айлық баламен Желтоқсан оқиғасына куә болады. Оқиғадан кейiн келесi жылғы қаңтардың 25-iнде тұңғышы дүниеге келiп, әулеттi қуанышқа бөледi. Қазiр Нұржамал жолдасы екеуi 2 қыз, 1 ұлдан 6 немере сүйiп отырған бақытты ата-апа.

Еңбек жолын жемiс-өңдеу зауытында қарапайым қайнатушы болып бастаған ол түрлi салада еңбек қолтаңбасын қалдырған тәжiрибелi маман. Тiгiншi, iс басқарушы, заңгер, нотариустың көмекшiсi, педагог-психолог болып қызмет атқарған Нұржамал Беймiшова – қазiр Теспе ауылындағы Қ.Жандарбеков атындағы №59 жалпы орта мектептiң директоры. Саналы, бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеуде әрiптестерiне үлгi болып жүр.

Сайрам ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper