"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


САНА СIЛКIНIСI – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:28
САНА СIЛКIНIСI – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Дәстүр және рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өттi. Бағдарламада берiлген басымдықтар негiзiнде салт-дәстүрiмiздi жаңғыртуға үлес қосу, халықтың рухани бiрлiгiн арттыру және ұлттық рухымызды мәңгi есте сақтауды көздеген жиында салиқалы сөз, келелi пiкiр қозғалды.

 

Аталмыш орталықтың «Ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк» бөлiмiнiң меңгерушiсi М.Омар кiрiспе сөзiнде маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңiнде қоғамдық сананы жаңғырту мәселесiнiң маңыздылығына тоқталды. Мұнан соң М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының доценттерi С.Рысбаева мен Сайда Қорғанбаева бағдарламалық мақаланың негiзгi тұздығына тоқталды. Яғни елiмiздiң әлемнiң барынша дамыған 30 ел қатарына кiру мақсатында жету үшiн қазақстандық әрбiр азамат бәсекеге қабiлеттiлiк, прагматизм секiлдi қасиеттерге ие болу, сонымен қатар, өзiнiң ұлттық бiрегейлiгiн сақтай отырып, батыстық өркениеттiң тек жағымды жақтарын ғана сiңiруi қажеттiгiн тiлге тиек еттi.

Мақаланы талқылау барысында жазушы, шежiрешi М.Әбдәкiмұлы және ОҚМПИ доцентi Қ.Алтынбеков қазiргi таңда қоғамда ұлттық кодты сақтай отырып, заманауи әлемнiң құндылықтарына азаматтардың ашық болуын танытатын рухани жаңғыру қажеттiлiгi пiсiп жетiлгендiгiн атап өттi.

Е.БЕКБОТА.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper