"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


КОРОНАВИРУС: ТҰМАУДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРІ?

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:15
КОРОНАВИРУС: ТҰМАУДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРІ?

 

Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Қазақстанда тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар арасында сырқаттанушылық 14 пайызға төмендеген. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Соңғы 4 айдың ішінде елімізде 200 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдығып, оның бесеуі көз жұмған.

 

– Алайда, тұмауға ұқсас коронавирус дерті бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып тұр. Бұл дерт Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея мемлекеттерін кәдімгідей әбігерге салып, соңы өліммен аяқталған жағдайы бар. Сондықтан да жағдайды қатаң бақылауда ұстаудың арқасында қауіптің алдын алу шараларын қолға алып жатырмыз, – деді бас санитар дәрігер.

Жандарбек Бекшин жоғарыда аталған елдерде 1 мыңнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырып, соның салдарынан 200 адам қайтыс болғанын хабарлады. Қазақстанда ауруды шетелден жұқтырды деп бірнеше адам күдікке ілінген. Алайда, әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ.

Айта кетейік, коронавирустың құрамында вирустың 37 түрі бар болып шықты. Коронавирус адамға, мысыққа, құсқа, итке, ірі қара мал мен шошқаға жұғуы мүмкін. Алғаш рет коронавирусты жұқтыру жағдайы 1965 жылы тіркелген екен. Бұл вирус адамның тыныс алу және жүйке жүйесіне, ішек-қарынға зиянын тигізетін көрінеді.

Біз ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтан өңіріміздегі жағдай туралы сұрап білдік. Оның айтуынша, облыста бұл аурудан әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ. Өткен жылдың 1 қазаны мен биылғы 5 қаңтардағы эпидемиологиялық кезеңде 5 069 адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанған. Алайда, бұл бұрнағы жылғы көрсеткіштен 1,5 есе төмен. Науқасқа шалдыққандардың 65,8 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Сырқаттың алдын алу мақсатында 281 831 адамға вакцина салынған.

– Қыс әлі алда. Тұмау және ЖРВИ қаңтар, ақпан айларында өршуі мүмкін. Сол себепті сақтанып жүрген абзал. Ал, ауырған адам уақыт создырып алмай шұғыл дәрігерге көрінгені жөн. Өйткені, жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы сәуір айына дейін созылады, – дейді облыстың бас санитар дәрігері.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper