"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БАУЫРЫНА БАУЫРЫН БӨЛIП БЕРДI

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:14
БАУЫРЫНА БАУЫРЫН БӨЛIП БЕРДI

 

Газетіміздің Түркістан қаласындағы тілші қосынына Қалымша Әсетова есімді кейуана арнайы келді. Мақсаты ақ халатты абзал жандарға шексіз ризашылығын жеткізу екен. Батыр ана аймақтың айнасы «Оңтүстік Қазақстан» газеті арқылы дәрігерлерге аналық ақ тілегін жеткізуді өтінді.

 

– Жасы 23-ке келген немерем Айнұр 8-сыныптан бері бауыры ауыратын еді. Алғаш ауырғанда Алматыға апардық, олар ештеңе таппады. Вирустық ауруға, не бауыр ауруының басқа түріне жатпайды деді. Бірақ, бауыры қата бастады. Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта 4 жыл бойы клетка салдырып келдік. Бірақ, одан еш пайда болмады. Соңғы барғанымызда анализіне қарап «бауыр ауыстырмаса болмайды, донор табыңыздар» деді. Не істерімізді білмедік. Үлкен немерем Нұркен «қарындасыма бауырымның жартысын беремін» деп жүрген, амал жоқ, соған келістік. Екеуінен бірдей айырылып қаламыз ба деп те қорықтық. Құдайға мың да бір шүкір, бірінші Алла, екінші дәрігерлердің арқасы, ота сәтті шықты. Қазір екі немеремнің де жағдайы жақсы. Ота 17 сағатқа созылды. Мұндай ота Белоруссияда – 130 мың, ал, Оңтүстік Кореяда 200 мың доллар тұрады екен. Ал, мұнда отаны квота арқылы тегін жасады. Ауыр ота жасалған жер Шымкент қаласы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының трансплантациялау бөлімшесі еді. Аталмыш мекемені басқарып отырған «Алтын жүрек» номинациясының иегері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мәди Биғалиев – облыс бойынша алғаш рет бүйрек, бауыр ауыстыру отасын сәтті жасаған «алтын қолды» дәрігер. Сонымен қатар бас дәрігердің хирургия саласы бойынша орынбасары Донбай Абылай Әбдіжаппарұлы, хирургтер Рахымжан Үмбетжанов, Сәбит Байтеміров, Вячеслав Ли, Дәурен Қабылов және емдеуші дәрігерлер Ахметжәмші Назаров, Салтанат Исаева сынды абзал жандарға аналық ақ ризашылығымды білдіремін, – деді Қалымша апа қуанышын жасыра алмай.

Соңғы кездері аталған ауруханада бүйрек ауыстыру әдеттегі оталардың бірі болып қалды. Бүгінде мұндағы мамандар бауыр ауыстыру оталарын жетілдіру үстінде. Бұл мекемеде бауыр ауыстыру бойынша жасалған төрт отаның бәрі де сәтті шыққан. Атап айтсақ, Айнұр Асылбековадан басқа алматылық Гүзаль Байбулова мен Созақ ауданының Жартытөбе ауылынан келген Рауан Әбеновке туған ағалары донор болса, Шымкент қаласының тұрғыны Дәулет Көпбосыновқа інісі өз бауырының жартысын беріпті.

Бүгінде Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына Астана, Алматы қалаларынан да науқастар келіп қаралады екен.

Біз Қалымша апаның ақжарылқап тілегін жеткізуге асықтық.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. Түркістан қаласы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper