"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАҚСЫБЕК ДЕГЕН ЖАН ӨТКЕН

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:11
ЖАҚСЫБЕК ДЕГЕН ЖАН ӨТКЕН

 

«Жақсылық сыйлап таңғы үміт,

Қайырын берсін мәңгілік.

Бейнеңіз сіздің, жан әке,

Жанымызда жүрер жаңғырып».

 

Өзі өмірден өткенмен артында өшпестей із қалдырған азаматтарымыз аз емес. Әсіресе, шәкірт тәрбиелеумен қатар басшылық қызметтерде жүріп өңірдің дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, қызмет барысында тек абырой биігінен көрінген азаматтарды ел есінен шығармайды.

Қасиетті Отырар топырағының тумасы Жақсыбек Бейсенбекұлы Асылбек те осындай жандардың қатарынан еді. Қаншама ұлы тұлғалар мәңгілік мекен еткен жерде дүниеге келген Жақсыбек Бейсенбекұлы осы өңірдің дамуы үшін бар күш-қайратын жұмсады. Қызметін мектепте іс жүргізушіліктен бастап, аға пионер жетекшісі, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, ауылдық Кеңес атқару комитетінің хатшысы, төраға, мектеп директоры, аудандық, облыстық мәслихаттардың депутаты, ауыл әкімі, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарғанда ұлт руханияты мен елінің кемелді келешегі үшін еңбек етті. Сонымен қатар, түркістандық ұстаздарға басшылық жасап, өмірінің соңына дейін қалалық білім бөлімін басқарды. Ұлағатты ұстаз қарапайымдылығымен, іскерлігімен, жоғары адамгершілік қабілетімен түркістандықтардың есінде қалды. Отырар ауданы мен Түркістан қаласының ғана емес, Оңтүстік өңірі зиялыларының, құрметті азаматтарының қатарынан орын алды.

Ұлтының бағына туған асыл азамат Жақсыбек Бейсенбекұлының өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында қаңтар айының 16-сы күні Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жадымда жүрер жаңғырып» атты кеш өтеді. Оған Жақсыбек Асылбекпен қызметтес болған ел ағалары мен мәдениет, білім саласының ардагерлері қатысады деп күтілуде. Сөз қадірін құрметтеп өскен оқырман қауым, асыл аға туралы айтар ойларыңыз болса, Сіздер де осы кештің қадірлі қонағы болыңыздар. Кеш қазақ сатирасының сардары Көпен Әмірбектің жүргізуімен «Хабар» арнасының «Көзкөрген» бағдарламасынан көрсетілетін болады.

Төпен ӘМІРБЕК, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Отырар ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper