"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АЛТЫН АЛҚАЛАР ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 15:22
АЛТЫН АЛҚАЛАР ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ

 

Шымкент қаласындағы «Сатиева Асия» ЖК-нің алтын бұйымдар шығарумен айналысқанына аса көп уақыт болған жоқ. Әйтсе де қазіргі таңда Қазақстан бойынша тапсырыстарды көптеп қабылдауда.

 

Жетісайда 20 жылға жуық уақыт кітапханашы болып жұмыс істеген Әсия 2000 жылы Шымкент қаласына көшіп келген. Содан азық-түлік дүкенін жалға алып, саудамен айналысыпты. Кіші ұлы Талғат жоғары оқу орнында мұғалімдік мамандықты алғанымен, ол салада жұмыс істеуден бас тартады. Сөйтіп, қалада жеке көлігімен жолаушы тасымалдап күн көреді.

-Бірде ұлым өзінің зергерлік бұйымдар жасап шығаруға қатты қызығып жүргенін айтты.

Алғашында мұнысын ұнатқан жоқпын. Бірақ, сонда да зергерлікке қай жерде үйренуге болады деп жан-жақтан сұрастыра бастадым. Ақырында Алматыдан бір мықты зергер табылды. Оған 2 мың доллар қаржы төлеп, ұлым үш ай  тәлім алып келді.  Содан кейін қолымыздағы бар ақшаға құрал-жабдықтарды сатып алып,  жұмысты бастап кетті. Әуелі туыстарымыз бен таныстарымыз тапсырыс бере бастады. Көп ұзамай 1 миллион теңгеге тағы бір өндірістік аппарат сатып алдық. Жұрттан сынған, үзілген алтын, күмістерін сатып алып, одан соң  оларды ерітіп  пластинка жасайды, оның үстінен әлгі аппаратпен ою-өрнекті сызады.  Бүгінде бұл кәсіпті бастағанына бір жарым жылдай уақыт өтті, осы аралықта ұлым Талғат нағыз әмбебап шеберге айналды. Жұрт көбінесе түрлі кулон, білезік, неке сақинасына тапсырыс береді. Әрі оларда өз есімдерінің жазылғанын қалайтындар бар, --дейді Әсия.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жарнама жасаудың рөлі зор. Бірі бұйымды жасап, екіншісі оны таратумен айналысуды бастаған отбасылық бизнес иелері мұны да  жолға қойып үлгереді. Олар инстаграмм желісі арқылы өздерінің жеке парақшаларын ашып, зергерлік өнімдерін жарнамалай отырып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыс алады. Өз бағыттарын айқындап алған соң ЖК ашып, салық мекемесіне тіркелуі керек болады. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы «ONTUSTIK» Кәсіпкерлік мектебінде Әсия Сатиева бір апта тегін дәріс алып, жұмысты жүргізу, есеп-қисапты қалай тапсыру керектігі жөнінде үйреніп шықты. Жеке кәсіпкерлік нысанын ашуға, одан соң «Ырыс» шағын несие ұйымынан жеңілдетілген несие алуға да осы Кәсіпкерлік мектебінің көп көмегі тиді. Төрт жылға 6 пайызбен несиеге алған 4 200 000 теңге кәсіптерінің өрісін кеңейту үшін жұмсалмақ. Басқа қажеттіліктерді айтпағанның өзінде, Қытайдан сатып алғалы отырған  лазерлік бір аппараттың құны 2 600 000 теңге тұрады екен. Ал, мойынға тағатын шынжыр бауды өретін станок 6 млн.теңгенің төңірегінде.  Алдағы уақытта оны да сатып алуды мақсат етіп отыр. Әзірге табысы жаман емес. Бұдан бөлек, бұйымдарын сатуға көмектесіп жүрген арадағы делдалдармен арада 50 пайыздық үлеспен келісім-шарт түзілген.

Зергерге қажет құрал-саймандарын түгендеп болған соң, Талғат жанына бес-алты баланы көмекке алмақшы. Зергерлік өнердің барлық тәсілдерін меңгерген Талғаттан тәлім алған бала ертеңгі күні мұндай өндірісті өзі де ашатыны белгілі. Ал, бұл отандық өнімнің аясы ұлғая түсетіндігін, бәсекелестік артатынын көрсетеді. Бәсекелестік бар жерде өнім сапасы да жақсара түспек.

Зергерлік -- киелі де қасиетті өнер саналған. Ендеше, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарын жаңғыртып, жаңартып, жалғастырып жүрген, тылсым сырлы өнер иесі Талғат Сатиевтің еңбегіне табыс тілейміз!

Баян ДАРҒОЖИНА.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper