"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МЫРЗАБЕК АТАМЕН БIР САҒАТ ӘҢГIМЕЛЕССЕҢIЗ, КІТАП ОҚЫҒАНДАЙ БОЛАСЫЗ

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 11:01
МЫРЗАБЕК АТАМЕН БIР САҒАТ ӘҢГIМЕЛЕССЕҢIЗ, КІТАП ОҚЫҒАНДАЙ БОЛАСЫЗ

 

Қазақта «Есігіңнің алдында төбе болса ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қазыналы қарт болса жазулы тұрған хатпен тең» деген жақсы нақыл бар. Осы нақылды Сарыағаш ауданы, Ақниет ауылының тұрғыны Мырзабек қажы Ерменбаевқа қарата айтсақ жарасады. Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері Мырзабек ата – елі тегіс сыйлайтын, бес парызын өтеген, аузынан Алласын тастамайтын көнекөз қария. Ауылымыздың тірі тарихы іспетті.

 

77 жасқа келген ақсақалдың қимылы тың, жүрісі ширақ. Ел оны қарапайым, сабырлы, кішіпейіл жан ретінде таниды.

– Алла тағала адам баласын өз ризық-несібесімен халқына пайдасын тигізу үшін жаратады, – дейді Мырзабек қажы. Жастайымнан ілім-білімге, кітап оқуға ықыласты болдым. Сарыағаш ауданы, Жылға ауылындағы орта мектепті бітірген соң ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне оқуға түстім. Біраз жыл «Сырдария» кеңшарында агроном болып қызмет еттім. 30 мың гектар алқапқа бидай егіп, әр гектардан 20 центнер өнім алғанбыз. Сол жылдары біздің кеңшар астық өндіруден облыста, қала берді, республикада алдыңғы орында болды.

Мырзабек атаның елге ұнайтын қасиеттерінің бірі – осы жасқа келсе де ізденуден, жаңалық қараудан шаршамайтыны. Облыстық, республикалық басылымдарға жазылып, қолынан кітап, газет-журнал түспейді және оларды көзілдіріксіз оқи береді.

Қарияның еңбекқорлығын зейнетке шықса да тынбайтындығынан аңғаруға болады. Үйінде бір қора ешкісі бар. Өмір бойы ешкі сүтін ішеді, ешкі етін жейді. Ешкі сүтінің, етінің пайдалы екенін насихаттаудан танған емес.

– Ешкінің сүті де, еті де ем. Сүті құрамы жағынан ана сүтіне өте жақын келеді. Жас аналар сәбиіне ешкі сүтін берсе оның денсаулығы қалыпты болады. Оның сүтін шайға қатса да пайдалы. Ол сусамыр (қант диабеті) ауруына бірден-бір дауа. Денсаулық үшін пайдасы зор, нәрлі азық. Елімізде ешкі фермаларын көптеп ашып, сүтін дүкендерге шығару қажет, – дейді қария.

Мырзабек атаның ауласын кішігірім бау-бақша дерсің. Жеміс ағаштарын, гүлдер, емдік қасиеті бар түрлі өсімдіктер өсірумен айналысады. Онымен бір сағат әңгімелескен адам кітап оқығандай болады. Кез келген тақырыпта айтар ойы, пікірі бар. Жары Ырысқыз апа – 10 құрсақ көтерген Батыр ана, «Алтын алқа» иегері. Екеуі 6 ұл, 4 қызды өсіріп, құтты ұяларына қондырған. Көз алдында құлдыраңдап ойнаған 40-тан астам немере, шөберенің ортасында отырып, ұзақ жылғы тірнектеп жинаған білімі мен ой қазынасын солармен бөлісіп отыр.

Екі бірдей ғасырдың куәсі болған, кеудесі «алтын сандық» Мырзабек Ерменбаевтың отбасын Ақниет ауылы үлгі тұтады. Дастарқаны жиылмайтын, берекелі де мерекелі шаңыраққа қызыға қарайтындар көп. Ерменбаевтардан үлгі алып, өнегелі отбасылардың саны артып жатса қуанамыз, әрине.

Мақсат МҰХАНОВ, зейнеткер. Ақниет ауылы, Сарыағаш ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper