"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МҰҚТАЖЫҢЫЗДЫ МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР ТЫҢДАЙДЫ

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 11:00
МҰҚТАЖЫҢЫЗДЫ МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР ТЫҢДАЙДЫ

 

Еліміздің әлеуметтік саласында көптеген рефор­малар жүзеге асып жатыр...

 

Жылдағыдай зейнетақы көбейді. 2018 жылғы шіл­де­­ден бастап еңбек өтілі есепке алынып, әлеу­меттік әділет­тілік қайта қал­пына келтірілмек. Әйел­­дердің зейнет­кер­лікке шығатын жасы ке­зең-кезеңі­мен 63 жас­­қа дейін ұзар­ты­лады. Бұрын беріліп келген бір­неше жәрдемақы бір жүйеге бірік­­тіріліп, биылдан бастап атау­лы әлеуметтік көмек жаңа сипатқа ие болды. Балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдем­ақы көлемі артты. Босанғанда жас аналарға төле­нетін бір реттік жәрдемақы да өсті.

Екі қолға бір күрек таппай жүргендерді жұмыспен қамтуда да жаңа өзгерістер бар. Ол енді нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама ретінде қысқа және орта оқу мерзімінде қажетті әрі сұранысқа ие мамандықтарға оқытады, жаңа жұмыс орындарына жолдама береді. «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіп ашуға мүмкіндік мол.

Денсаулық сақтау ісіндегі жаңалықтарға құлақ түріп жүрсіз бе? Міндетті медици­налық сақтандыру не береді? Өздеріңіз тұратын емдеу мекемелеріңізді айқындай алдыңыздар ма? Осы және өзге де мәсе­ле­лердің тарқатылмаған түйткілі аз емес. Әсіресе, ауылдық жерлерде.

Жаңа жылдан бастап әр аудандағы меншікті тілшілеріміз сол аймақтағы тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, әлеуметтік мәселелер бойынша өздерін мазалап жүрген сұрақтарын «Оңтүстік Қазақстан» газеті редак­циясының әлеумет бөліміне (телефон 53-42-35, эл. пошта aleumet@inbox.ru.) жолдай алады. Ал, біз өз кезегінде оқыр­мандардың сауалдарын тиісті орын­дарға жолдап, нақты жауабын газетте жариялаймыз немесе сұрақ беру­шінің өзіне хабарлаймыз. Бұл үшін оқыр­мандарымыз аудан-қалалардағы мен­шікті тілшілерге хабарласуы тиіс. Атап айтқанда, Созақ, Бәйдібек аудандары бойынша Мақсат Қарғабаевқа (8-702-782-25-69), Түркістан қаласы бойынша Әбдірахман Қыдырбекке (8-701-456-57-92), Отырардағы Алмас Ақылбекке (8-702-764-39-59), Кентаудағы Қайрат Зайнишевке (8-702-666-52-18), Сарыағаштағы Гүлдана Айходжаеваға (8-701-455-40-02), Мақтааралдағы Сәбит Қалдыбаевқа (8-702-306-29-24), Түлкібастағы Айгүл Сүндетоваға (8-771-499-66-79), Шардарадағы Әділ Әбдірамановқа (8-775-302-94-46), Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы бойынша Базаркүл Қалбырға (8-705-895-64-79) хабар­ласуына болады.

Құрметті оқырмандар! Сауал – сізден, жауап – біз­ден. Мұң-мұқтаждарыңыз болса «Оңтүстік Қазақ­стан­ның» меншікті тілшілері тыңдайды. Хабарласыңыздар!

ӘЛЕУМЕТ бөлімі.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper