"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУСТЫҢ «ЖЫРЫ» БIТКЕН ЖОҚ

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 11:00
ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУСТЫҢ «ЖЫРЫ» БIТКЕН ЖОҚ

 

Жәмила МАМЫРӘЛІ, «Оңтүстік Қазақстан».

Шымкентке жаңа автобустар сатып алынды. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания жаңадан сатып алынған 100 автобустың 30-ын қалаға жеткізді. Дегенмен...

 

Шымкенттіктердің мазасын алған мәселенің бірі жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компаниялар жұмысының осалдап кеткені болып отыр. Бұған дейін де талай мінберден айтылып, жазылып жүрген автобустардың бекітілген график бойынша жүрмеуі, аялдамаларда жолаушылардың бағыттағы көліктерді күтіп ұзақ тұратындығы тағы да бас көтере бастады. Қыс ауасында дірдек қаққан жолаушылардың жағдайын арнайы рейд жасап, көзбен көріп қайтқан қала әкімі Н.Сауранбаев ізінше тиісті сала мамандарын шақырып, арнайы мәжіліс өткізді.

Мәселені бүге-шігесіне дейін жақсы білетін қалалық көлік және автожолдар бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, жолаушылар тасымалдаушы компания басшыларының басты кінәсі – тәртіп орната алмай отырғаны. Көп компанияның автобустары әбден ескірген. Тозығы жеткен ескі көлікпен жолаушы тасымалдауға жолға шығатыны, тіпті, бірде-бір автобусы жоқ компаниялар жолаушылар тасымалдау ісімен айналысатыны да мәлім болып отыр.

«Арнайы графикті сақтамайтын, жолаушы тасымалында жауапкершілікті сезінбейтін 10 бағыттағы автобус қызметтерімен жасалған келісімшартты мерзімінен бұрын үзіп отырмыз» дейді Қ.Жұматаев. Кемшілігі көп әлі осындай 12 бағыттағы автобус иелерінің мәселесі күн тәртібіне қойылған. Алайда, саладағы басты проблема – автобус жүргізетін адамның табылмауы. Жүргізуші жоқ. Ескі, жиі бұзылатын автобусты айдауға ешкімнің келгісі келмейді.

Дегенмен, тұйықтан шығар жол табу керектігін жақсы түсінетін мамандар, алдағы кезде жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компанияларға «Вираж-лизинг» компаниясы арқылы автобустарын жаңартуға болатындығын айтады. «Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетсе болғаны, көліктің барлық техникалық мәселесін біз өз қолымызға аламыз» деп отыр. Бұл мәселеде несие беруге «Даму» қоры да дайын.

Сонымен бірге жолаушылар тасымалындағы көптеген мәселені анықтау үшін автобустарға GPS-трекерлер орнату жұмыстары қайта қолға алынуда. Енді әр автобустың қозғалысы бақыланып, кемшілік қай тұстан кетіп жатқаны анықталады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper