"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАРЫҚ ҚЫМБАТТАДЫ...

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 10:59
ЖАРЫҚ ҚЫМБАТТАДЫ...

 

Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы қымбаттады. Енді жеке азаматтар тұтынған жарығы үшін бұрынғы бағадан 6 пайыз, ал, заңды тұлғалар 11,2 пайыз көп төлейді. «Электр энергиясының қымбаттауына негізінен «Энергоорталық-3» АҚ-ның өз өнімінің бағасын 34 пайызға, Жамбыл ГРЭС-інің – 29 пайызға, KEGOC-тың 20 пайызға қымбаттатуы себеп болып отыр. Бұған тасымал құнының 4,4 пайызға өскенін қосыңыз» дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ОҚО департаментінің бөлім басшысы Сәлима Бопова.

 

Маманның мәлімдеуінше, су, жылу және газ бағасы бұрынғы күйінше қалған. Дегенмен, электр энергиясының қымбаттауына байланысты монополистер комитетке коммуналдық қызметтің бұл түрлеріне де бағаны өсіру жөнінде ұсыныстарын жолдауда. Соның айғағы болар, өткен аптада ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев «Бес жылға арналған тарифті бекіту ұйғарымы негізінде 2018 жылы Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған қаласында), Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауызсумен қамтамасыз ету қызметінің бағасы өсетін болады» деді.

Әзірге комитеттің облыстардағы департаменттеріне монополистер тарапынан бағаны өсіру жөніндегі түскен ұсыныстар халықтық тыңдауға ұсынылуда.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper