"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІН ОТБАСЫЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ НЕ БЕРЕДІ?

Жұма, 05 Қаңтар 2018 10:14
БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІН ОТБАСЫЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ НЕ БЕРЕДІ?

Роза Исмағамбетова ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 қызды ұзатып, бүгінде 14 немере сүйіп отырған ардақты әже. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының бастамасымен еліміздегі балалар үйлері отбасылық жүйеге көшіріле бастады. Роза апай еңбек ететін Сайрам ауданы Қасымбек датқа ауылында орналасқан «Бауыржан» балалар үйі бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды.

Кейіпкеріміздің айтуынша, «Балауса» атты отбасыға (бұл балалар үйінде әр отбасының атауы бар) ана болғанына 15 жылға жуықтапты. Ол осы уақыт аралығында қаншама баланы үлкен өмірге қанаттандырып ұшырғанын мақтаныш етеді. -- Мерекелерде қыздарым мен күйеу балаларым немерелерімді ертіп келіп тұрады. Кішкентай ғана үйіміздің үлкен қарашаңыраққа айналып бара жатқаны мені шексіз қуантады. «Жетімдер үйі» деген аты болмаса біз бір отбасынан, әулеттен кем емеспіз. Кешқұрым балалар сабақтан келгенде барлығымыз бірге дастархан жайып, ас ішеміз. Дастархан басында тек жақсы әңгімелерді айтамын. Қарап отырсыңыз, бізде күнделікті ас мәзірі жоқ. Балалар қандай тағамды жегісі келсе, соны жасаймыз. Барлық істі жұмыла атқаруға тырысамыз. Олар өздерін осы үйдің бір мүшесіндей сезінуіне баса көңіл бөлемін. Шүкір, қазір шаңырағымыздан түлеп ұшқандар бір-біріне бауырмал. Кейінгілеріне де қарасып тұрады. Жазғы, қысқы демалыстарда үйлеріне шақырып, қонақ етеді, -- деді Роза апай. Расында да, біз «Балауса» отбасының (қазір мұнда 4 ұл, 5 қыз тәрбиеленуде) табалдырығын атағаннан-ақ жанұялық жылуды сезіндік. Үлкендері кішкентайларын мектепке дайындап, тамақтандырып жатыр. Балалардың бауырмалдығына әуесіміз келді. Берекелі ұя. Мұның барлығы қамқор аналары, Роза апайдың арқасы екенін ұқтық. -- Тәңірінен тілегенім бала еді. Оны маған берді. Енді осы балапандарымды үлкен азамат етіп тәрбиелеп шығарсам деймін. Осыған дейін тұрмыс құрған қыздарымның тойына құдағи болып барып, төрде отырдым. Мына бүлдіршіндерімнің де қызығын көруді бұйырсың, -- деді ол аналық ақ жүрегімен. Отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің көздеген мақсаты осы. Жасөспірімдер кәмелеттік жасқа толып, балалар үйінен шыққанда күнін көріп кете алатындай болуы керек. Жаңа жүйенің тағы бір артықшылығы, онда ағайындылар бөлінбейді. Бұрындары олар жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі топтарда тәрбиеленетін. Қазір бір шаңырақта өседі. Бұл баланың бауырмал, жанашыр болуына үлкен септігін тигізеді. Әр отбасында 8-10 бала болады. Жалғызбасты аналар тәрбиеші ана ретінде жұмысқа қабылданады. Оларға аптасына бір күн демалыс беріледі. Өкінішке қарай, өңіріміздегі 5 балалар үйінің екеуі ғана жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуде. Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің директоры Қырмызы Қожамжарова қазіргі таңда балалар үйінің отбасылық үлгідегі жобасын жасап, тиісті басқармаларға ұсынғанын айтады. Онда 8 коттедж салу жоспарланған. Баспаналардың әрқайсысының алдында бау-бақша дақылдарын егуге арналған орны да қарастырылыпты. -- Біздің балалар үйі 1934 жылы ашылған. Сол кезде салынған ғимарат жарамсыз күйге түскен. Қазір ол қойма ретінде пайдаланылуда. Ал, 1964 жылы кірпіші қаланған екінші нысанның іші отбасылық жүйеге сай келмейді. Сондықтан, жаңа ғимарат тұрғызу қажет деп оймаймын. Қарап отырсаңыз, Қызылорда облысында балалар үйілері жойылып, онда ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар отбасылық жүйеде тәрбиеленуде. Жоба жасар кезде олардың да тәжірибесіне жүгіндік. Қалай десек те, біз осындай деңгейге жетуіміз керек. Өйткені, өскелең ұрпақ ұлттық құндылықтарымызды біліп, жанұя жылылығын сезініп өсуі керек, -- деді Қырмызы Тілеубекқызы. Ия, әр бала күндіз-түні қасынан табылатын ана мейіріміне бөленгісі келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында бұл мәселе туралы кеңінен сөз қозғап, Үкіметке балалар үйлерін отбасылық негіздегі балалар үйлері етіп қайта құруды тапсырған болатын. Облыстық білім басқармасының қызметкері Әлия Досыбекова қазіргі таңда өңіріміздегі №№ 2, 3 және 4 балалар үйлерін отбасылық негіздегі балалар ауылына айналдыру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізді. Соның ішінде Шымкент қаласындағы №3 балалар үйін отбасылық жүйеге көшіру жұмыстары биыл жүзеге асырылмақшы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа жүйе бойынша тәрбиелеудің нәтижесінде облыстық білім басқармасына қарасты балалар үйлеріндегі бүлдіршіндердің саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда 22-ге кеміп отыр. Міне, сондықтан да балалар үйлерін отбасылық жүйеге көшіру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе екенін айтады мамандар.

Дилара БИМЕНОВА

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper