"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 17:06
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

Биыл облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қызметтік тұрғын үйлер бой көтермек. Екі қабатты 10 пәтерден тұратын бұл баспаналардың құрылысын осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланып отыр. Оған облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қызметтік пәтерлер білім, медицина және құқық қорғау саласының қызметкерлеріне берілетін болады.

Айта кетейік, өткен жылы өңір басшысы Түймебаев жаңа оқу жылы басталған уақытта білім және медицина саласы қызметкерлерін қызметтік пәтермен қамту үшін барлық аудан, қалалардан типтік үлгідегі тұрғын үйлер салуды тапсырған болатын. Бүгінде олардың жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Түлкібаста -3, Төлебиде -1, Отырар -2, Бәйдібек -2, Шардара -2, Созақта -2 және Арыста -2, Кентауда -3, Түркістанда -3 тұрғын үйден салынатын болады.

Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper