"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АЛАШТЫҢ АЯНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIЛДI

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 10:35
АЛАШТЫҢ АЯНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIЛДI

 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиет зерттеушiсi, белгiлi қаламгер Аян Нысаналин биыл 75 жасқа толып отыр. Мерейлi жасқа толған ақын Алматыдан ат арылтып келiп, өзi туып-өскен Бәйдiбек ауданында болып, туған жерiне тағзым еттi.

 

«Бәйдiбектегi мен туған Жетiмтау ауылының әр тасы әлi күнге көзiме оттай басылады» дейдi мерейтой иесi.

Бала күнгi арманы алдымен руханияттың ордасы болған Алматыға, сосын Мәскеудегi М.Горький атындағы Әдебиет институтына жетелеп кете барған қаламгер «Көктем кешiкпейдi», «Сүмбiле», «Иiрiм», «Көзайым», «Тыныс», «Мәуе» атты жыр кiтаптарының авторы ретiнде елге танымал болды. Әдебиет сынына қосқан үлесi де қомақты. «Параметры», «Жансарай» атты әдеби сынға құрылған кiтаптары бүгiнде әдебиеттанушы ғалымдардың iздеп жүрiп оқитын дүниесiне айналған. Екi тiлде бiрдей қалам тербейтiн Аян Нысаналин Әл-Фараби, Бажа Пжавела, Низами, Хафиз, Науаи, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.Высоцкий, Атилла Иожеф, Ю.Тувим өлеңдерiн қазақшалаған аудармашы ретiнде де елге танымал. Кезiнде «Армысың, БАМ» атты очерктер жинағы үшiн Қазақстан Журналистер одағы тағайындаған Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Оның шығармалары Кинематографистер мен Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын иеленген.

Ең бастысы... Бүгiнде көзi жоқ болса да қазақ әдебиетiнде өшпестей iз қалдырған, небiр жауһар дүниелердiң авторлары Сәуiрбек Бақбергенов, Тәкен Әлiмқұлов, Төлеген Тоқбергенов сынды қаламгерлердiң шығармашылығын насихаттап, олардың есiмiн дүркiн-дүркiн жаңғыртып, ел есiнде мәңгi қалдыру мұратын өзiне аманат етiп алған қаламгерлердiң бiрi әрi бiрегейi де осы Аян Нысаналин болып отырғанын айтпай кетуге болмас. Кешегi арыстардың жоқтаушысы болған ақынды туған жерi үлкен құрметпен қарсы алды.

Бәйдiбек ауданы әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Нұрғали Айтбеков қаламгердi құрметтеп иығына шапан жауып, ауылдастарының ыстық ықыласын жеткiздi. «Зейнеткер тынысы» және аудандық «Алғабас» газетiнiң редакторлары, белгiлi қаламгерлер Серiкбай Тұржан, Бағдат Қалаубай мерейтой иесiн құттықтады.

Көкiрегiн туған жерге деген сағыныш кернеген қаламгер бұл күнi ауданның көрiктi орындарын аралады. Аудандық сәулет көркем мұражайының экспонаттарымен танысып, орталық кiтапханада болды. Спорт нысандарын аралап, «ауылдың ажары кiрiп қалыпты-ау» деп тамсанған ақын «бала күнiмiзде талай аралаушы едiк» деп Ақмешiт үңгiрiне де бас сұқты. Бiрлiк ауылындағы араб инвесторлары өсiрiп жатқан дуадақ фермасында да болып, жұмысымен танысты.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper