"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰРПАҚТАР ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Сенбі, 18 Қараша 2017 10:44
ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰРПАҚТАР ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

 

Базаргүл ҚАЛБЫР, «Оңтүстiк Қазақстан».

Облыстық ардагерлер кеңесiнiң жыл басынан берi «Ата-баба дәстүрi – ұрпаққа аманат» бағдарламасымен бiрнеше ауданда «Өткеннiң өнегесi – бүгiнгiнiң баға жетпес байлығы», «Туған жерге туыңды тiк», «Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесi» тақырыптары аясында жастарға түрлi ұлттық салт-дәстүрдi дәрiптеп, тағлымды көрiнiстердi көрсетуге мұрындық болды. Ал, бұл жолы Ордабасы, Бәйдiбек аудандары мен Арыс қаласы бойынша бiрлескен жиын «Көнеден жеткен сырсандық» деп аталыпты. Жиналғандар Темiрландағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық мұражайда болып, бiртуар палуанның ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйiнде қолөнер шеберлерiнiң көрмесiн тамашалады.

 

Аудан әкiмi Р.Қайыпжанов «Өзiмiздiң ұлттық ерекшелiктерiмiздi сақтай отырып, бiлiмде де, еңбек пен ғылымда да алға жылжуымыз керек. Бұл орайда ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналарымыздың қосып келе жатқан үлестерi мол. Бүгiнгi iс-шара соның дәлелi» дей келе, жиынға қатысушыларға үнемi абырой биiгiнен көрiне беруге тiлек бiлдiрдi.

Ордабасылықтар өткiзген шара ә дегеннен Шұбар ауылдық әжелер алқасының төрайымы, байырғы ұстаз Рымкүл Ертай туралы «Дәстүрдi аттамаған ана» атты көрiнiс көрсетуден басталды. Оның өмiр жолы жастарға үлгi-өнеге. Ордабасылық әжелер шағын қойылымда ана образын шынайы аша бiлдi.

Жиында сөз алғандар «Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесi» тақырыптары бойынша рухани байлықтың кемел болғаны жеке азаматтар үшiн ғана емес, жеке тұлғадан құралған қоғам туған ел үшiн өте маңызды екенiн кеңiнен әңгiмеледi. Мұнан соң бәйдiбектiк өнерпаздар «Төркiндеу», арыстықтар ұмыт қалып бара жатқан «Қысыр қалмасын» салт-дәстүрлерiн ұсынды. Оңтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы, қоғам қайраткерi Ш.Мырзахметов, тыл еңбеккерi, Арыс және Шымкент қалаларының құрметтi азаматы Ш.Медеуов, Қазақстанның құрметтi журналисi Б.Қонысбек, «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы жазушы М.Байғұт, ақын Н.Бегалыұлы iс-шараның пайдасы ұшан-теңiз екенiне тоқталды.

Ордабасы ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper