"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚАРТЫ БАР ЕЛ — ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 10:39
ҚАРТЫ БАР ЕЛ — ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

 

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Облысқа белгiлi ардагерлер мен зиялы қауым өкiлдерi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған мақсаттар мен мiндеттер аясында өңiрiмiздегi бiрнеше кәсiпорынның жұмысымен танысып шықты.

 

Ардагерлер алдымен «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағындағы кiлем және кiлем өнiмдерiн шығаратын «БалТекстиль» ЖШС-iне ат басын тiредi. Фабриканың өндiрiс басшысы Нүркен Қарақұлов кәсiпорын iшiн аралатып, кiлем тоқу технологиясы жайлы кеңiнен әңгiмелеп бердi. Соның iшiнде мұнда күн сайын 10 мың шаршы метр кiлем тоқылатыны, 7 тонна полипропилен жiп иiрiлетiнi, 250 адам тұрақты жұмыс iстейтiнi туралы баяндады.

Мұнан соң ардагерлер қауымы «Оңтүстiк» индустриялық аймағына ат басын бұрып, «ЕвроКристалл» ЖШС-нiң шыны ыдыстар шығару технологиясын көрдi. Келген қонақтарды күтiп алып, өзi бастап жүрген өндiрiс басшысы Альберт Ли шыны бөтелкелер мен банкiлердiң қалай жасалатынын өндiрiс ошағындағы әрбiр жабдықтармен таныстыру арқылы түсiндiрiп өттi. Жылына 300 млн. шыны құты өндiретiн зауыт өнiмдерi өз елiмiзде және алыс-жақын шетелдерге сатылады.

Осыдан кейiн ел құрметiне бөленген қариялар «Tectum Engineering» зауытының жұмысымен жақынырақ танысты. Ардагерлер кәсiпорында жылына 2,3 млн. дана шифер өндiрiлетiнi, өндiрiсте «хатчек» технологиясы қолданылатыны және 200 адам тұрақты еңбек ететiнi туралы ақпаратпен қанықты.

Өндiрiс ошақтарын аралап болған соң ардагерлер индустриялық аймақта шығарылған тауарлардың көрмесiн тамашалады.  

Бұл сапар «Royal Rose» мейрамханасында облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың қатысуымен «Рухани жаңғыру: береке басы — бiрлiк» тақырыбында өткен жиында қорытындыланды.

Басқосуда сөз алған өңiр басшысы облыстың бүгiнгi даму қарқынына қысқаша шолу жасап, рухани жаңғыру аясында қолға алынған және алдағы уақытта жүзеге асыру жоспарланған жобалар жөнiнде баяндап бердi.

— Өндiрiс, ауыл шаруашылығы, туризм. Осы үшеуiн дамытсақ, өңiрiмiз өркендей түседi, — дедi Жансейiт Қансейiтұлы. — Елбасының осынау бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 7 айдай уақыт өттi. Сондағы айтылған дүниелердi ардагерлер, сiздер де iске асыруға атсалысып жатырсыздар. Сiздердiң ақыл-кеңестерiңiз, өмiрлiк тәжiрибелерiңiз өскелең ұрпаққа үлгi-өнеге. Өмiр сүру үшiн өзгере бiлу керек. Оған көнбеген халық тарихтың шаңында көмiлiп қала бередi. Көрнектi қоғам қайраткерi Мұстафа Шоқайдың «Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайтқан халық тәуелсiздiкке қол жеткiзе алады, оны қорғап қала алады» деген бiр сөзi бар. Солай демекшi, iшкi татулық мықты болса, iргелi елге айналамыз.

Осылай деген өңiр басшысы ардагерлердi «Ажарлы үй — ырысты» бағдарламасы аясында көшелердiң, үйлердiң сыртқы келбетi мен аулаларының таза болуына елмен бiрге күш жұмылдыруға шақырды. Өйткенi, облыста 230 мыңдай ардагер, жүздеген зиялы қауым өкiлi барын тiлге тиек еткен әкiм олардың да үлкен күшке ие екенiн жасырмады. Сонымен бiрге, облыс әкiмi рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберiнде Қазығұрт тауының басына Нұһ пайғамбар кемесiн орнату, келесi жылы Ордабасы тауында Президентiмiздiң халықпен кездескенiне 25 жыл толуына орай онда үш бидiң ескерткiшiн қою және көне Отырар қаласын қорғауға арналған жаңа анимациялық фильм түсiру жоспарда тұрғанын жеткiздi.

Жиын барысында облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Жеңiсбек Мәуленқұлов, еңбек ардагерi, Түркiстан қаласының құрметтi азаматы Мырзан Хандiллаев, тыл ардагерi Қарсенбай Қунақ, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Мұстафа Сүлейменов, Мақтаарал ауданының еңбек ардагерi Бегiм Серiков және республикалық «Достық» өзбектер қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, рухани жаңғыруға байланысты өз ойларын ортаға салды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper