"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛIМIЗДЕ АДВОКАТТАРДЫҢ ЖЕТIСПЕУШIЛIГI БАЙҚАЛАДЫ

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 10:36
ЕЛIМIЗДЕ АДВОКАТТАРДЫҢ ЖЕТIСПЕУШIЛIГI БАЙҚАЛАДЫ

 

Оңтүстiк Қазақстан облысында 427 адвокат қызмет атқарады. Яғни, бұл бiр адвокатқа 6766 азамат жүгiнедi деген сөз. Сондай-ақ, облыстағы халық саны көп шоғырланған Түркiстан қаласында бiр адвокатқа 13 мың азаматтан келсе, Мақтаарал ауданында бiр адвокатқа 20345 азамат жүгiнедi. Бұл туралы облыстық әкiмдiкте өткен селекторлық жиында облыстық әдiлет департаментiнiң басшысы Орынбасар Тастанов мәлiм еттi.

 

Департамент басшысының айтуынша, елiмiзде адвокаттардың жетiспеушiлiгi байқалады. Заң көмегiн көрсету барысында сапаның төмендiгi мен азаматтарды қорғау механизмiнiң жоқтығы да сезiлiп отыр. Осы олқылықтарды шешу үшiн елiмiзде «Адвокаттық қызмет және заң көмегiн көрсету туралы» жаңа заң жобасы әзiрленiп жатыр. Аталған құжатта «заң кеңесшiлерi» деп аталатын жеке практикамен айналысатын заңгерлердi палатаға бiрiктiру мәселесi көзделiп отыр. Сондай-ақ, халықаралық тәжiрибедегi «Про Боно» институтын енгiзу жоспарда бар.

«Қазақстанда «Про Боно» жүйесiн енгiзу әлеуметтiк және қаржылық жағдайы төмен азаматтарға өте тиiмдi болады. Ол халықаралық тәжiрибеге сәйкес келедi. Мұндай көмек тараптардың ерiктi келiсiмi және жалпы қағида негiзiнде қайтарымсыз түрде көрсетiледi. Сондай-ақ, халықты ақпараттандыру және әдiлеттi баға белгiлеу мақсатында тарифтiк шкала көзделiп отыр. Ұсынылған тарифтердi ескере отырып, азаматтар заң көмегiнiң орта бағасын анықтауға және хабардар болуына болады» дедi Орынбасар Тастанов.

Өңiрiмiздегi заң көмегiне жүгiнетiн азаматтардың көптiгi мен адвокат жетiспеушiлiгiне ерекше мән берген өңiр басшысы жаңа заң жобасының маңыздылығына тоқталып, облысымыздағы адвокаттар қауымдастығының жұмысын жүйелеп, маман даярлау мәселесiне мән берудi тапсырды.

«Облысымызда заң көмегiне жүгiнетiн азаматтардың қарасы жыл санап артып отыр. Осы ретте өңiрдегi адвокаттар қауымдастығының жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, адвокаттарды даярлау мәселесiне ерекше мән беруiмiз керек. Бүгiнде адвокаттардың беделi мен бiлiктiлiгi төмендеп кеткен. Мұның басты себебi адвокаттық мектептiң әлi де болса дұрыс қалыптаспағаны дер едiм. Сондықтан жаңа заң жобасын баршамыз бiрауыздан қолдауымыз қажет» дедi Жансейiт Қансейiтұлы.

 Жаңа заң аясында адвокат болу үшiн мүлiктiк кедергiлер яғни кiру үшiн алынатын жарналарды жою көзделуде. Себебi, адвокаттардың көбi жоғары мөлшердегi кiру жарналарын төлей алмайды. Оның көлемi елiмiзде 800 мың теңге болып бекiтiлген. Жаңа заңнамаға сәйкес, адвокаттардың бiлiктiлiгiн арттыру механизмi қайта қаралатын болады. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper