"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АРДАГЕР ҚАРЖЫГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIЛДI

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 10:31
АРДАГЕР ҚАРЖЫГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIЛДI

 

Оңтүстiк Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшылығы басқармада қызмет етiп, зейнеткерлiкке шыққан ардагерлердi кәсiби мерекелерiмен құттықтап, өңiрiмiздiң өркендеуi мен жастар тәрбиесiне қосқан  үлесi мен егемендi елiмiз қаржы жүйесiнiң қалыптасу кезеңiндегi көп жылдық жемiстi, адал еңбектерi үшiн алғыс айтып, мерекелiк сый-сияпат жасады.

 

Галина Федоровна Морозова, басқарма басшысының орынбасары.

Қаржы саласындағы алғашқы еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы Дзержинский аудандық қаржы бөлiмiнде мемлекеттiк кiрiстер жөнiндегi инспекторы болып бастап, мұнан соң Шымкент қалалық қаржы бөлiмiнде экономист, ал, 1991 жылдан облыстық қаржы басқармасында бөлiм басшысы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы болып қызметтер атқарған.

Галина Федоровна қаржы басқармасында 2017 жылдың 9 маусымына дейiн мiнсiз қызмет етiп, облыстың әлеуметтiк және экономикалық саласын өркендетуге қосқан үлесi үшiн «Құрмет» орденiмен марапатталған.

 

Мадания Сүлейменқызы Рахымбаева, бюджет бөлiмiнiң бас маманы.

Өзiнiң саналы ғұмырын қаржы саласына арнаған Мадания Сүлейменқызының бұл  саладағы еңбек өтiлi 40 жылдан асады. Ол алғашқы еңбек жолын сол кездегi Шаян ауданында 1961 жылы жинақ кассасының кассирi болып бастайды. Одан соң Байжансай кенiшiнде 6 жылға жуық жинақ кассасының меңгерушiсi болып, 1971 жылы Бәйдiбек аудандық қаржы бөлiмiне, ал, 1978 жылы облыстық қаржы басқармасына бас маман болып ауысып, мұнда 22 жыл бойына қызмет етiп, 2000 жылы зейнеткерлiкке шығады. Ұзақ жылғы мiнсiз де жемiстi қызметi лайықты бағаланып, «ҚР қаржы қызметiнiң үздiгi» төсбелгiсiмен, облыс әкiмiнiң «Облысқа сiңiрген еңбегi үшiн» медалiмен марапатталған.

 

Лариса Васильевна Димова, нақты сектор саласын қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы.

Алғашқы еңбек жолын хатшы-машинистка болудан бастаған Лариса Васильевна  есеп-қисап жұмысына Қарағанды медицина училищесiнде бухгалтер көмекшiсi болып араласты. Мұнан соң 1981 жылы Шымкент «Фосфор» өндiрiстiк бiрлестiгiнде инженер-экономист қызметiн атқарып. 1993 жылы облыстық қаржы басқармасына бас маман-бас экономист болып ауысады. Өз кәсiбiне адал, жүктелген тапсырмаларды сапалы да уақтылы орындайтын бiлiктi маман жас қаржыгерлерге тәлiмгер ретiнде танымал болған Лариса Васильевна 1993 жылы зейнеткерлiкке шықты.

 

Балқия Мұратәлiқызы Төлепбергенова, бухгалтерлiк есеп бөлiмiнiң бас маманы.

Балқия Мұратәлiқызы бухгалтерлiк қызметте ұзақ  жыл үзiлiссiз жұмыс iстеп, бұл саланың қыр-сырын жете меңгерген кәсiби маман.  Ол өзiнiң бұл бағыттағы еңбек жолын 1978  жылы облыстық мемлекеттiк банктiң темiржол бөлiмшесiнде қатардағы бухгалтер болудан бастап, аға буын бухгалтерлерден көп тағылым алып, тәжiрибесiн байыта түседi. Мұнан соң облыстық қаржы басқармасына жергiлiктi бюджеттi есептеу және есеп беру бөлiмiне ауысып, бұл бөлiмде  табан аудартпай  20 жыл қызмет етiп зейнеткерлiкке шыққан.

 

Лора Алексеевна Пак, облыстық қаржы басқармасының бас маманы.

Лора Алексееваның қаржы саласындағы еңбек өтiлi 33 жылдан асады. Ол бұл саладағы еңбек жолын Шымкент қаласындағы №4 жылжымалы механикаландырылған колоннада экономист болып бастаған. 1991 жылы облыстық қаржы  басқармасына ауысып, кiрiстердi болжау бөлiмiнде, кейiннен базарлар бойынша бiр жолғы талондарды берудi ұйымдастыру және бақылау бөлiмiнiң бас маманы ретiнде бюджет қаржысын толықтыру бағытында жемiстi жұмыстар атқарды..

Қаржы саласындағы ұзақ жылғы мiнсiз еңбегi үшiн облыс әкiмiнiң «Облысқа сiңiрген еңбегi үшiн» медалiмен марапатталған.

 

Күлзада Iскендiрова, бюджеттiң атқарылуын үйлестiру және талдау бөлiмiнiң бас маманы.

Күлзада Iскендiрқызы еңбек жолын  жұмысшыларды жабдықтау бөлiмiнде бухгалтер болудан бастаған. 1998 жылы облыстық қаржы басқармасына ауысып, мұнда бас маман қызметiн атқарды. Бертiн келе өзiнiң iске деген жоғары ынтасы мен жауапкершiлiгiнiң арқасында ұжымда сенiм мен абыройға ие болып, басқарманың негiзгi ұстыны болып табылатын бюджеттiң атқарылуын үйлестiру және талдау бөлiмiне ауыстырылып, мұнда зейнеткерлiкке шыққанға дейiн еңбек еттi. Жоғары жетiстiктерi үшiн  «Облысқа сiңiрген еңбегi үшiн» медалiмен марапатталған.

 

Әбсаттар Ахмедәлiұлы Мұсаев, әкiмшiлiк және шаруашылық бөлiмiнiң бастығы.

Әбсаттар Ахмедалiұлының жалпы еңбек өтлi 45 жылды құраса, оның iшiнде қаржы саласындағы өтiлi 16 жылдан асады. Ол бұл саладағы жұмысын Ұлттық банкте инженер-ревизор болудан бастап, 1999 жылы облыстық қаржы басқармасына әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмiнiң бастығы болып ауысқан. Осы ұжымнан зейнеткерлiкке шыққан 2011 жылға дейiнгi кезеңде басқарманың шаруашылық жұмыстарын жетiлдiрiп, қызметкерлердi материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында елеулi еңбек сiңiрдi.

 

Шамшагүл Нұрмахамбетова, бiлiм берудi, мәдениеттi және спортты бюджеттiк мониторинг жасау бөлiмiнiң бас маманы.

Еңбек жолын 1971 жылы Шымкент мақта тазалау зауытында лаборант болып бастаған. Алматы халық шаруашылығы институтын бiтiрiп, экономист мамандығын алған 1975 жылы осы зауытқа экономист қызметiне ауысады. Мұнан кейiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында, облыстық экономика басқармасында, облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалану басқармасында бухгалтерлiк есеп және қаржыландыру бөлiмiнде қызмет етiп, 2009 жылы қаржы басқармасына ауысқан. Мұнда өзiнiң iскерлiгiмен, жоғары бiлiктiлiгiмен танылған  қаржы ардагерi көптеген шәкiрттер тәрбиелеп шығарды.

 

Сәдуақас Сариев, Оңтүстiк Қазақстан облысы қаржы басқармасының қызметкерi.

 Ол 1976-1982 жылдар аралығында Шымкент облыстық  мемлекеттiк сақтандыру басқармасында ревизор болып қызмет еткен. Мұнан соң 1982 -1996 жылдары Шымкент қаласының Еңбекшi аудандық мемлекеттiк сақтандыру инспекциясында бастықтың орынбасары, кейiннен бастығы болып  қызмет атқарған. Ол 1996 жылдан облыстық қаржы басқармасында қызмет етiп, өзiнiң талапшылдығымен және принципшiлдiгiмен көзге түсiп, еңбек тәртiбiн нығайтуға елеулi үлес қосты.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper