"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МИЛЛИОНЕР МҰҒАЛIМ

Жұма, 29 Қыркүйек 2017 20:43
МИЛЛИОНЕР МҰҒАЛIМ

 

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi мұғалiмдер арасында байқау өткiзген. Оған республика бойынша 5 620 үмiткер қатысып, олардың 48-i жеңiмпаз атанды. «Үздiк педагогтардың» арасында Төлеби ауданындағы №1 гимназия-мектебiнiң мұғалiмi Нұрила Байтасова 2 миллион 121 мың теңгенiң сертификатына қол жеткiздi.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ХХI ғасырға сай ұрпақ тәрбиелеу ерекше құрметке лайық iс деген-дi. Расында да, шәкiрт тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымының еңбегiн ескерiп, оларға құрмет көрсету – баршамыздың мiндетiмiз. Үлкен жауапкершiлiктi қажет ететiн iсте әрiптестерiнiң арасынан дара көрiнген Нұрила Сәрсенбайқызының оқушылары бүгiнде облыстық және республикалық пән олимпиадаларында жүлделi орындардан көрiнiп келедi.

Мұғалiмдердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгi оқушыларының шыққан шыңымен өлшенедi. Оның шәкiрттерi қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнен өткiзiлетiн сайыстармен қатар ғылыми жарыстарда да топ жарып жүр. Нұриланың «Ыбырайтануға қосар үлесiм» және жергiлiктi ақын Қазанқап Байболовтың өмiрi мен шығармашылығы жайлы жазылған зерттеу жұмыстары ғалымдар тарапынан жоғары баға алды. Сонымен қатар, үздiк ұстаз оқушыларымен бiрге өзi қызмет етiп жүрген бiлiм ошағының өткен ғасырлар қойнауында жатқан тарихын зерттеуге де үлес қосты.

– «Үздiк ұстаз» атану үлкен мәртебе. Бiр оқушыны үлгiлi етiп тәрбиелесең, соның өзi үлкен жетiстiк деп бiлемiн. ҚР Бiлiм және ғылым министрi бiздi марапаттап жатқанда ұстазын есiне алып, оның берген бiлiмi мен тәлiмiн айтып өттi. Мiне, мұның өзi ұстаз еңбегiнiң ақталғанын көрсетедi. Мұғалiм деген мамандықтың мәртебесiнiң қаншалықты жоғары екенiн айқындайды, – дейдi кейiпкерiмiз.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептiң жаны – мұғалiм» деген екен. Мұғалiм қандай болса, ол еңбек ететiн мектептiң де сондай болары сөзсiз. Ұстаз ұлағатты, бiлiмдi де бiлiктi болса, оның алдын көрген шәкiртiнiң де жаман болмасы анық. Нұрила Сәрсенбайқызымен тiлдескенiмiзде ол өзiнiң озық iс-тәжiрибесiн облыс көлемiнде таратып жатқанын жеткiздi. Бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеуде педагогтарымыздың бiлiктiлiгi өте маңызды. Сондықтан, бұған баса көңiл бөлгенiмiз абзал-ақ.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper