"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ӨРЛЕУ» – ҮЛКЕН ЖОЛДЫҢ БАСТАУЫ

Жұма, 29 Қыркүйек 2017 20:28
«ӨРЛЕУ» – ҮЛКЕН ЖОЛДЫҢ БАСТАУЫ

 

Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» еңбегiнде ұсынылып отырған 100 нақты қадам бағдарламасының ең маңызды бөлiмi Адам капиталы екенi даусыз. Адам капиталы – мемлекет дамуының басты факторы.

 

Бұл орайда бiлiм берудi жаңғырту, педагогтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша ұлт болашағының, ел дамуының сара жолы айқындалған. Осы мiндеттi орындау үшiн Үкiмет Қаулысына сәйкес, әлемдiк озық тәжiрибелердi ескере отырып, педагог кадрларды даярлауды қамтамасыз ету үшiн «Өрлеу» бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» акционерлiк қоғамы құрылды және оның әр аймақтарда филиалдары қайта тiркелдi.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру институты филиал ретiнде 2012 жылдың 2 қазанында өз жұмысын бастады. Алғашқы күннен-ақ «Өрлеу» БАҰО АҚ ОҚО бойынша институты бiлiм беру жүйесiнiң сапасын жетiлдiруге, мұғалiмдердiң кәсiби бiлiктiлiгiн жоғары деңгейге көтеруге күш салды. Заман талабына сай бiлiм саласында елiмiздiң өркениеттi әлемнен өзiне лайық орын алуы үшiн адамзат тәжiрибесiндегi озық үлгi, тиiмдi үрдiстердi қолданысқа енгiзе отырып, дамудың жаңа сатыларына көтеру жұмысын сәттi атқарып келедi.

«Елiмiздiң ертеңi бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз айтқандай, жас ұрпақтың тағдырына жауапты ұстаздардың қазiргi қоғам сұранысына сай бiлiктiлiктерiн арттыру өте маңызды. Осындай маңызды iстi атқара отырып, санаткерлiк әлеуетiн дамыту мен бiлiктiлiктерiн сапалы арттыру арқылы педагог мәртебесiн көтеруде «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның алатын орны ерекше.

Тың бастамамен құрылған «Өрлеу» БАҰО АҚ-ға биыл 5 жыл толды. Бұл бiр қарағанда тым қысқа мерзiм. Алайда, осы уақыт аралығында мекемемiз аяғынан қаз тұрып қана қоймай, отандық бiлiм беру iсiне етене араласып, бiлiм беру саласындағы болып жатқан ауқымды өзгерiстердi iскерлiкпен жүзеге асыруда. Осы 5 жыл iшiнде көңiл толтырарлық көп iс атқарғанымызды мақтанышпен айта аламыз. Жеткен жетiстiгiмiз де аз болған жоқ.

Осындай қысқа уақыттың iшiнде институтымыздың қаншама қызметкерлерi халықаралық стандартқа сәйкес Ұлыбритания, Франция, Корея, Сингапур, Ресей, Австралия университеттерi мен мектептерiнде жүйелiк негiзде бiлiмдерiн шыңдап, алған бiлiмдерiн қазiргi таңда өз тәжiрибелерiнде тиiмдi пайдалануда.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес 2016–2017 оқу жылынан бастап Қазақстанда жаңартылған бiлiм мазмұнына көшу жұмыстары қолға алынған болатын. Бұл бастаманың мақсаты – мектептегi оқу сапасын жоғарылату және оқушылардың бiлiмiн халықаралық стандарттарға сәйкестендiру.

Осы орайда педагогтар қауымы орта бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясындағы бiлiктiлiк арттыру курстарынан өтiп жатыр. Бұл процесте «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның қосып жатқан үлесi аса зор. Мұнда 1,5 жылдың iшiнде жаңартылған бағдарлама шеңберiнде 18 мыңға жуық педагог бiлiктiлiктерiн арттырды. Институт бұдан да басқа көптеген курстық және курсаралық iс-шараларды үнемi жоғары деңгейде ұйымдастырып келедi.

Бiздiң институт қызметкерлерi әрдайым педагогтың дұрыс үлгiсiн жасауға, облыстың ұстаздық қызметiндегi үздiк жетiстiктердi қолдауға, педагогтың беделi мен мәртебесiн көтеру бойынша қисынды ұсынымдар мен айқын өңдеулердi жасауға өздерiнiң бар кәсiби күш-жiгерiн жұмсап отыр.

«Өрлеу» БАҰО АҚ ОҚО филиалы жұмыстарының табысты және жүйелi атқарылып жатқанын облыс педагогтарының түрлi баспасөз беттерiнде айтқан алғыстары мен курс сапасына, тренерлердiң оқыту шеберлiгiне қатысты бiлдiрген ыстық ықыластарынан анық байқауға болады.

Мiне, осының бәрi аз ғана уақыт iшiнде Елбасымыздың көрсеткен сара жолымен биiк белестердi бағындырып келе жатқан «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның еңбегi!

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша педагогтардың бiлiктiлiгiн арттыру институты ретiнде қызмет жасап келе жатқан бiздiң мекеменiң тарихында 5 жылдың өзiндiк үлкен маңызы мен мәнi бар.

Әйгерiм ӘНУАРОВА, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша институты мониторинг және талдау бөлiмiнiң бас маманы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper