"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 10:42
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

 

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

Облыстағы 1510 бiлiм беру нысаны жылыту маусымына толық дайын. Ал, 896 денсаулық сақтау ғимаратының 8-iнде жөндеу жұмыстары жүруде. Бұл туралы ОҚО өңiрлiк коммуникация қызметiнде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым хабарлады.

 

Сондай-ақ, 723 мәдениет, 61 денешынықтыру және спорт мекемесi мен 19 жұмыспен қамту саласы ғимараттарының да қазандықтары жылу беруге әзiр тұр.

«Қазiргi таңда 2327 орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етiлетiн көпқабатты тұрғын үйдiң 2094-i қыс маусымына сақадай-сай. Қалған 233 үйдiң қазандықтары 1 қарашаға дейiн пайдалануға берiледi. Сонымен бiрге, бүгiнгi күнге дейiн өңiрдегi бюджеттiк мекемелерге қажеттi қатты және сұйық отын түгелдей жеткiзiлдi» дейдi М.Марайым.

Айта кетейiк, жылу энергиясын өндiрушi кәсiпорындарға қатты отын қоры кестеге сәйкес тасымалданып жатыр. Кентау қаласындағы жылу беру стансасын қыс маусымына дайындауға күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн 236,9 млн. теңге бөлiнген. Бүгiнде оның 92 пайызы игерiлiп, 15 қазанда толық пайдалануға берiледi деп күтiлуде.

Баспасөз конференциясында Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары Бейсенбек Жанбосынов облыс орталығының қысқа дайындығы туралы мәлiмдедi. Жалпы, Шымкент қаласында 1811 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесiне қосылған. Қазiргi таңда оның 1610-ы жылыту маусымына әзiр тұр. Ал, шаһардағы бюджеттiк мекемелердiң қыс маусымына дайындығы 100 пайыз орындалған. «Облыстағы бюджеттiк мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру арнайы бекiтiлген ережеге сәйкес жүргiзiлетiн болады. Демек, сыртқы ауа температурасының орташа көрсеткiшi 5 тәулiк бойы +50С және одан төмен болса, жылыту маусымын бастау туралы шешiм қабылданады» дедi қала әкiмiнiң орынбасары.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Байтұрсынов–Сапарбаев–Рысқұлов көшелерi бойындағы магистральды жылу жүйелерiн қайта құру нысаны да таяу күндерi аяқталады деп күтiлуде.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper