"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ

Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 10:34
АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ

 

Құты­ру – ор­та­лық жүйке жүйесiн ау­ыр зақым­дайтын және соңы өлiмге әкеп соғатын өте қауіпті жұқпа­лы ау­ру.

Ауру­дың 60 пайызы құтырған ит­терден, 24 пайызы түлкiлерден, 10 пайызы мы­сықтардан, 3 пайызы қасқыр­лардан және 3 пайызы басқа да жа­ну­ар­лардан жұғады. Жану­ар­лар ау­ру белгiлерiнiң ба­ста­лу­ына 3-10 күн бұрын қалған­да және ау­ру ке­зеңiнiң соңына дейiн iндеттi жұқты­ру­шы бо­лып та­бы­ла­ды.

 

Құты­ру ви­ру­сы та­биғат­та жа­байы хайуанаттар арасында да кезде­седi (түлкi, қасқыр, қар­сақ, кемiргiштер), со­ны­мен қатар үй жа­ну­ар­ла­ры (ит, мы­сық, си­ыр, қой, жылқы, түйе, т.б.) сiле­кейлерi арқылы да сырт­қы ор­таға ви­рус та­ра­та­ды. Құты­­ру­мен ау­ыр­ған жа­ну­ар тiстеген жердiң терiсi мен шы­­рыш­ты қабық­ша­ла­ры­на сiле­кей енiп, ау­ру­ды жұқты­ра­ды. Әсiре­се, ба­стан және қол са­у­сақта­ры­нан жа­рақат алған жағдайлар өте қауiптi.

Ауру ба­сталмас бұрын, ағза­да ин­ку­ба­ция­­лық ке­зең жүредi. Бұл – ау­ру қоз­дырғышы­ның жұ­ғуы­нан ба­стап, ау­ру­дың алғаш­қы белгiле­рiнiң пайда бо­лу­ына дейiнгi уақыт. Жарақат алу ор­ны­на байла­ны­сты ол ор­та­ша 10 күннен 90 күнге дейiн, кейде 1 жылға дейiн со­зы­луы мүмкiн.

Құты­ру ау­ру­ымен ау­ырған адам­­ға ем жоқ! Бiрақ ау­ру­дың ал­дын алуға бо­ла­ды. Құтырған не­ме­се кү­дiктi де­ген жа­ну­ар­лардан жа­ра­қат алған адам­дарды сақтап қалудың бiрден-бiр жо­лы – ан­ти­ра­би­ка­лық вакци­на және ан­ти­ра­би­ка­лық им­му­ногло­буллин егу. Соған қарама­стан оған тұрғындар та­ра­пы­нан немқұ­райдылық байқалады. Жану­ар­лардан за­рдап шеккен адам дәрi­герлiк көмекке қаралған­ға дейiн дер кезiнде жа­рақат алған жердi та­за су­мен са­бындап, мұқият жу­ып, жа­рақат­тың ай­на­ла­сын 70 пайыз­дық спиртпен не­ме­се 5 пайыз­дық йод ерiтiндiсiмен за­лалсызданды­рып, алғашқы кө­мек алуы ке­рек.

Егер өзiңiз белгiлi ит­тен не­ме­се мы­сықтан жа­рақат ал­саңыз, жа­ну­ар­ды мал дәрi­герiне көрсетiңiз, мал дәрiгерi 10 күндiк бақылауда ұстап, сау болса – анықта­ма бе­редi, егу тоқ­та­ты­ла­ды. Жарақат­танған адам­ға осы аралықта 3 рет егу тағай­ын­да­ла­ды. Ал, егер жа­рақат­таған жа­ну­ар қашып кетсе, та­былма­са, белгiсiз болса не­ме­се өлiп қалған жағ­дайда 6 рет егу тағай­ын­да­ла­ды.

Сон­дықтан мiнезiнде өзгерiс­тер байқалған жа­ну­ар­ларды ау­лақ, оқша­улау ұстап, дер ке­зiнде мал дә­рi­герiн шақыру ке­рек. Ит, мы­сық асы­райтын болсаң­ыз, мал дәрi­ге­рiне көрсетiп, кең­ес алып, құты­ру ау­ру­ына қар­сы вакци­на ектiрiп тұру­ла­рыңыз қажет.

Өз денса­улықта­рыңыз өздерiң­iздiң қол­­да­рыңыз­да екенiн ұмытпаңыздар! Құты­руға қар­сы ек­пе тегiн егiледi.

Б.МҰса­ева, ОҚО ТҚҚД бас ма­ма­ны.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper