"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«АЙША-БИБІ» АЯҒЫМНАН ТҰРҒЫЗДЫ

Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 10:34
«АЙША-БИБІ» АЯҒЫМНАН ТҰРҒЫЗДЫ

 

2016 жылдың қараша айында Сарыағаш ауданындағы «Айша-Бибі» емдеу-сауықтыру кешенінде болып, ем қабыл­дадым. Аталған мекеменің қызметкерлеріне дән ризамын.

 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, ол жердегі дәрігерлердің көрсеткен қызметіне ерекше тоқталғым келеді. Аяғымды баса алмай, өздігімнен жүріп-тұруым қиындап, сол орталықтың көмегіне жүгінген болатынмын. Емхана дәрі­герлерінің жоғары сапалы қызметінің арқасында қазіргі таңда өзімді жақсы сезінемін. Орталыққа барған күннен бастап массаж қабылдадым. Ағзамдағы қан айналым жүйесі нашарлаған еді. Сүлікпен қан алу арқылы ол ауруымды да ұмыттым.

Дәрігерлерінен бөлек мейірбикелердің де қызметі жоғары дең­гейде. Көзі көрмейтін, мүгедек жандар да болды арамызда. Соларға қолдарынан келгенше көмектесіп, қолдау білдірді. Мен бірнеше шет мемлекеттің емдеу-сауықтыру орындарында болған­мын. «Айша-Бибі» орталығының қызметі олардан титтей де қалыспайтынына көзім жетті. Жоғары білікті, кәсіби, өз ісінің маманы бо­лып жүрген «Айша-Бибі» емдеу-сауықтыру кешенінің қызмет­керлеріне алғыстан басқа айтарым жоқ.

Төлеубай ӘЛКЕНОВ, зейнеткер, тыл ардагері.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper