"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 15 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША КӘСIБИ БIЛIМ АЛМАҚ

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:34
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 15 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША КӘСIБИ БIЛIМ АЛМАҚ

 

Ауылдағы тұрмыс-тiршiлiктi жақсарту арқылы облыстың деңгейiн көтеремiз. Әкiмдiктiң кезектi селекторлық жиынында көтерiлген өзектi мәселелердiң бiрi осы болды.

Жиында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев облыста осы жылы 53,7 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын, оның iшiнде тұрақты жұмыс орындары 38413 екенiн атап өттi.

 

Оның айтуынша, мамандар тапшылығын реттеу мақсатында «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бiрiншi бағыты шеңберiнде өңiрде 4 584 адам техникалық және кәсiптiк бiлiм алып жатса, қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 9682 адам 89 мамандық бойынша жолданды.

Баяндамашыны тыңдаған әкiм басқарма басшысына 15 мамандық бойынша қажеттiлiгiне сай, ауыл тұрғындарын оқытып, кәсiпке бейiмдеудi айтты. Алдымен ауылдық округ деңгейiнде атқарылатын жұмыстар одан соң аудандық дәрежеде жүзеге асырылуы тиiс дедi.

«Аталған 15 мамандық бойынша, яғни, токарь, темiр ұстасы, ағаш ұстасы, электрик, сантехник, шаштараз сынды мамандықтарға бейiм азаматтарды ауыл әкiмдерi тауып беруi керек. Бұл жоба нақты жүзеге асқанда азаматтар жұмыспен қамтылып, ауылдағы өмiр сүру жағдайы қала өркениетiне бейiмделер едi. Осылайша ауылдағы тұрмыс-тiршiлiктi жақсарту арқылы облыстың деңгейiн көтеретiн боламыз» дедi Ж.Түймебаев.

Ауыл тұрғындарының кәсiби мамандануымен бiрге тұрғындардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру жайын да назардан тыс қалдырмаған өңiр басшысы әрбiр аудан орталығы мен ауылдық округтерде ангар типтi спорт алаңшаларын салу қажеттiгiн айтты. Сондай-ақ, ол модульдi спорт кешендерiнiң құрылыс жұмыстары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жерге тағзым» аясында ел азаматтарын шақыру арқылы жүргiзу керектiгiн еске салды.

Жалпы, Оңтүстiк Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында аймақтағы елдi мекендер мен көпқабатты үйлердiң аулаларында жыл басынан берi 57 спорт алаңшасы пайдалануға берiлсе, оның 20-сы демеушiлер есебiнен салынған.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper