"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


КООПЕРАТИВТЕР ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРIН АШТЫ

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:33
КООПЕРАТИВТЕР ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРIН АШТЫ

 

Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында ет және сүт қабылдау бекеттерi ашылды. Атап айтқанда, «АгроНұрИнвест» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативi мал бордақылау мен сою бекеттерiн iске қосып, жұмысты жаңа бағытта iске асыруға кiрiстi.

 

Аталған пункт 40 мыңнан аса тұрғыны бар Қарабұлақ ауылдық округiнде орналасқан. Субсидияландыру бойынша мемлекеттен қолдау алған бұл жобаның құны 9 млн. теңгенi құрайды. Биылғы жылдың 22 ақпанында құрылған кооперативте бүгiнде 130 мүше бар. Қазiргi таңда бордақылаудағы мал басы 6130-ға жеткен. Әрбiр жеке шаруаның орта есеппен бiр айлық табысы 170 мың теңгеге пара-пар.

Бұдан бөлек, дәл осы ауылдан «Қарабұлақ сүт» ауыл шаруашылығы кооперативi жалпы құны 48 млн. теңгенi құрайтын 4 сүт қабылдау бекетiн iске қосып отыр. Кооператив бүгiнде сиыр басын 800-ге жеткiзiптi. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» қаржы алған кооперативтегi әрбiр отбасының орташа бiр айлық табысы 178,5 мың теңгенi құрайды.

А.ӘДIЛҰЛЫ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper