"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ШАТЫРЛЫ ҚАЛАШЫҚ ҚҰРЫЛДЫ

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:30
ШАТЫРЛЫ ҚАЛАШЫҚ ҚҰРЫЛДЫ

 

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, «Оңтүстiк Қазақстан»

Облыста республикалық штабтық машықтану жұмыстары басталды. Осыған орай 12-15 қыркүйек аралығында Шымкентте оқу-жаттығу шаралары өткiзiлiп жатыр. Аталған машықтану жұмыстарының аясында облыстық төтенше жағдайлар департаментiнiң ұйымдастыруымен төтенше жағдайға арналған шатырлы қалашық құрылды.

 

Облыста басталған оқу-жаттығудың аясында ОҚО әкiмi Жансейiт Түймебаевтың төрағалығымен арнайы жиын өттi. Мәжiлiске Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, Ұлттық Ұланның өкiлдерi мен жедел топ мүшелерi қатысты. Жиында тиiстi сала жетекшiлерiне штабтық машықтануды жүргiзу кезiнде атқарылатын жұмыстар бойынша мiндеттер белгiленiп берiлдi.

Төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда зардап шеккен және баспанасыз қалған тұрғындарды қабылдау үшiн жасалған шатырлы қалашықтың дайындығымен кеше облыс әкiмi Ж.Түймебаев арнайы барып танысты.

Өңiрiмiзде төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда зардап шеккендер мен баспанасыз қалған тұрғындарды және босқындарды қабылдауға арналған қалашықта 50 шатыр орнатылыпты. Онда күтiп алу, бағыттап тарату және ақпарат, байланыс, пошта-телеграф пункттерi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау, санитарлық залалсыздандыру, жылжымалы тамақтану бекеттерi де бар. Бұдан бөлек, мұнда қамқорлықсыз қалған мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек көрсету үшiн «Қызыл ай» АҚ да қолұшын созбақ.

Жиын барысында өңiр басшысы Шымкент қаласының 7 балдық күшi бар жер сiлкiнiсi болуы мүмкiн жоғары сейсмикалық белсендi аймақта орналасқанын айта келiп, шатырлы қалашық тұрғындардың қауiпсiздiгi үшiн аса қажет екенiн жеткiздi.

100 мыңнан аса адамды уақытша қабылдауға мүмкiндiгi бар қалашықта тұрғындар тағаммен, жатын орынмен, жылы киiммен қамтамасыз етiледi. Сонымен қатар, медициналық, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету және өртке қарсы қызмет түрлерi де көрсетiледi.

Республикалық штабтық машықтану жұмыстары аясында азаматтық қорғау органдарының дайындығы да пысықталды. Яғни, төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда «ЛТД Тұрмыс», «Береке корпорациясы» және «Қуат жылу орталық» сынды мекемелерден көмек қажет болғанда жiберiлетiн арнайы топ құрылған. Сондай-ақ, қала шетiндегi жаңадан бой көтерiп жатқан көпқабатты үйде өрт орын алған жағдайда болатын әрекеттер бойынша оқу-жаттығу өткiзiлдi. Тiлсiз жаумен күреске әртүрлi азаматтық қорғау органдарынан 16 техника, 50 шақты адам жұмылдырылды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper