"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:26
ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА

 

Облысымыздың және Шымкент қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуына мол үлес қосқан Асанбай Асқаров көзi тiрi болғанда 15 қыркүйекте 95 жасқа толар едi. Ұлы Отан соғысының ардагерi, 5 мәрте Ленин орденiмен марапатталған А.Асқаров кезiнде Жамбыл облыстық партия комитетiн – 6 жыл, Алматы облыстық партия комитетiн 13 жыл басқарған. 1978–1985 жылдар аралығында Оңтүстiк Қазақстан облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болған.

 

Осы орайда мемлекет және қоғам қайраткерi, Социалистiк Еңбек Ерi Асанбай Асқаров атындағы қоғамдық қор бiрқатар iс-шаралар өткiзудi жоспарлап отыр.

Асанбай Асқарұлының есiмiн ұлықтап, жастарға үлгi ету мақсатында өзiнiң аты берiлген №77 орта мектепте алқалы жиын өткiзiлмек. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен еңбек ардагерлерi, кезiнде Асанбай Асқарұлымен қызметтес болған азаматтар оның ескерткiш-бюстiне гүл шоқтарын қойып, естелiктер айтады, танымдық iс-шаралар өтедi. Асанбай Асқарұлының рухына бағышталып, ас берiледi.

Қоғамдық қор Шымкенттегi дендрологиялық бақтың қақпасына ескерткiш тақта iлiп, қоғам қайраткерiнiң бюстiн орнатпақ ниетте. Сондай-ақ, балалар темiр жолының жұмысын жандандыру мәселесi де аталмыш қордың алға қойған жоспарына енген.

Қысқасы, елге еңбегi сiңген азаматтың атын дәрiптеуге қатысты жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Р.ҚЫДЫР.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper