"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


МЕЙІРІМ ТОҢАЗЫТҚЫШТАРЫ

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 09:16
МЕЙІРІМ ТОҢАЗЫТҚЫШТАРЫ

Әзірге мұндай тоңазытқыштар Алматыда 3 жерге орналастырылған. Жақында мұндай тоңазытқыштар Астана, Тбилиси, Семей, Атырау, Бішкек, Қарағанды қалаларында да пайда болады, деп жазады Қазақпарат.

Фудшеринг идеясының авторы Әлихан Байқоңыров Фейсбуктегі парақшасында «3 дүкеннің жанына тоңазытқыштар орнатылды. Іші асқа толтырылып жатыр. Ас әкелетін адамдар мен тоңазытқышты дүкеніне алып кетем деген адамдардың көптігі қуантады. Ең басты талап - сақтау мерзімі өткен тауарларды әкелмеу. Олай болатын болса адамдардың уланып қалуы ғажап емес», - деді Ә.Байқоңыров. Оның айтуынша, дүкен иелері тоңазытқышты тек өз дүкенінен шыққан азық түлікпен немесе жақын арадағы мейрамханаларда қалған азық түлікпен толықтырып отырады. Түнде тоңазытқыш өшіріледі. Қожайындары ұрламас үшін арнайы шынжырмен бекітіп қойған. Идея авторлары тоңазытқыштардың қай мекенжайда тұрғанын құпия ұстап отыр. Себебі көмектесем деген адамдардың көптігінен тоңазытқышта орын жетіспей қалуы мүмкін. «Көпқабатты тұрғын үйдің қасында орналасқан тоңазытқышқа тек сол үйдің адамдары ғана азық-түлік апарады. Мерзімі өткен азық-түлікті апару үшін сол жерге барудың қажеті жоқ», - деді ол. Әлихан Байқоңыровтың айтуынша, Food Sharing қозғалысы әлемде қарқынды дамып келеді. Ең алғаш рет көшедегі мейірім тоңазытқыштары Денвер көшелерінде пайда болған. «Әр кварталда, супермаркет жандарында тоңазытқыштар тұр. Олардан студенттер, жағдайы төмен отбасылар, зейнеткерлер ас алып іше алады. Ас қалдыратындар қағазға тағамның жарамдылық мерзімін жазып қалдырады. Керемет идея», - деді автор.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper