"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 330.22 -0.07   EUR: 388.07 +0.80   RUB: 5.6 +0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ЖАҢА ӘЛIПБИ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:17
ЖАҢА ӘЛIПБИ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Кеше ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде «Мемлекеттiк тiлдiң латын графикасындағы әлiпбиiнiң бiрыңғай стандартын енгiзу мәселелерi туралы» парламенттiк тыңдау өттi. Онда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институтының ғалымдары латын графикасына негiзделген жаңа қазақ әлiпбиiнiң жобасын таныстырды.

Айта кетейiк, онда 25 әрiп пен 8 диграф енгiзiлген.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН: «Ешқандай қателiк болмауы керек»

– Латын әлiпбиiне көшу мәселесiнде ешқандай қателiк болмауы керек. Бұл туралы Парламент Мәжiлiсiнiң төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлiм еттi.

«Баршаңызға мәлiм, қазiргi уақыт – бүкiл әлемде ақпарат технологияларының жоғары деңгейде дамуының кезеңi. Сондықтан бiздiң мемлекетiмiзде заманға сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес барлық бiлiктi мамандар бiрнеше жылдың iшiнде латын қарпi бойынша қазақ әлiпбиiнiң жаңа жобасын жасады. Ең бастысы – жаңа әлiпби барлық талаптарға сай болса, бiз биiк технологияларды меңгеруге, интернетке, ғылым мен бiлiмге және әлемдiк дамуға еркiн кiретiн боламыз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы бiздiң үлкен парыз және оларға қалдыратын мәңгiлiк мұра. Сондықтан латын жазуына көшу – зор мүмкiндiк пен өте үлкен жауапкершiлiк, – дедi Мәжiлiс төрағасы «Мемлекеттiк тiлдiң латын графикасындағы әлiпбиiнiң бiрыңғай стандартын енгiзу мәселелерi туралы» парламенттiк тыңдауда.

Дархан КӘЛЕТАЕВ: «Елiмiздiң рухани болмысын жаңғыртады»

– Латын қарпiн енгiзу бастамасы жарқын болашаққа бет алған елiмiздiң рухани болмысын, қоғамдық ой-санасын өзгертедi, жаңғыртады. Бүгiн Парламентте «Мемлекеттiк тiлдiң латын графикасындағы әлiпбиiнiң бiрыңғай стандартын енгiзу мәселелерi туралы» парламенттiк тыңдау барысында ҚР Парламентi Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев осылай мәлiм еттi, – деп хабарлайды.

Сенатордың айтуынша, кез келген мемлекеттiк, халықтық бастаманың табысты iске асуы үшiн саяси, экономикалық, әлеуметтiк негiздеме және қоғам тарапынан сұраныс болуы тиiс.

«Дәл қазiргi уақытта мемлекеттiк тiлдi реформалауға негiздеме де, сұраныс та бар деп ойлаймын» дедi Дархан Кәлетаев. Оның айтуынша, бұл ұлтымыз үшiн, болашақ үшiн аса өзектi әрi қажеттi жоба екендiгi дау туғызбайды. Сондықтан бiз «Латын әлiпбиi қажет пе?» деген сұраққа емес, «Латын әлiпбиiн қалай тиiмдi түрде енгiземiз?» деген сұраққа жауап iздеуiмiз керек. «Бауырлас Түркия, Әзiрбайжан, Өзбекстан, Түркiменстан елдерiн айтпағанның өзiнде, төл әлiпбилерi бар Жапония, Қытай сияқты алпауыт мемлекеттер латын графикасындағы әлiпбидiң қосымша нұсқасын енгiзiп отыр. Осының өзi көп нәрсенi аңғартса керек» деп атап өттi депутат.

Оның пiкiрiнше, реформаны жүзеге асыратын атқарушы билiктiң, құзырлы органдардың мойнында да үлкен тарихи жауапкершiлiк тұр. «Бiз бiрыңғай стандартты халықтың қолданысына енгiзудiң барынша тиiмдi әрi жеңiл жолдарын қарастыруымыз керек. Ең бастысы, бұл бастама жарқын болашаққа бет алған елiмiздiң рухани болмысын, қоғамдық ой-санасын өзгертедi, жаңғыртады» деп түйiндедi Д.Кәлетаев.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ: «Алфавит ауыстыру - тарихи шешiм»

– Латынға көшу – болашақтың таңдауы. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте «Мемлекеттiк тiлдiң латын графикасындағы әлiпбиiнiң бiрыңғай стандартын енгiзу мәселелерi туралы» парламенттiк тыңдауда ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Сауытбек Абдрахманов баяндады.

«Бiз бүгiн халқымыз үшiн, ұлтымыз үшiн, тiлiмiз үшiн, дiлiмiз үшiн, рухымыз үшiн шын мәнiнде тарихи мәнi бар, тағдыршештi мәселенi қарастырып отырмыз.

Жаңа әлiпбидi жасау кезiнде халқымыздың, өзге елдердiң сан ғасырлық жазба тарихы зерделенгенi, оған латын жазуының классикалық үлгiсi басшылыққа алынғаны жан-жақты түсiндiрiлуi, бұл таңдаудың ең оңтайлы, ең дұрыс таңдау екенiн дау туғызбастай дәлелдеу өте қажеттi. Бiздiң алдымызда талай жылдарға созылатын, жүйелi, табанды түрде жүргiзудi қажет ететiн қиын жұмыс тұр. Бойымызда бар енжарлықтан, ерiншектiктен арыла бiлсек, ертеңiмiздi ойлайтын ел екенiмiздi дәлелдегiмiз келсе, елдiгiмiздi еңселендiргiмiз келсе бұл iске тәуекелiмiз тұруға тиiс. Алфавит ауыстыру алдағы онжылдықтарға ғана емес, ғасырларға есептелген iрi iс, шын мәнiнде тарихи шешiм» дедi Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты.

Жеңiсбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ, облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы: «Бұл – ұлттық бiрiгуiмiздiң белгiсi»

– Латын әлiпбиiне көшу – болашағымыз үшiн жасалған маңызды қадам дер едiм. Бұл – ұлттық бiрiгуiмiздiң белгiсi. Сондықтан таңба таңдауда сөзiмiз бiр жерден шыққаны дұрыс. Жалпы, қазiрдiң өзiнде латын қарпi кеңiнен қолданылып жүр. Әсiресе, әлеуметтiк желiлерде латын қарпiмен таңбаланған жазбаларды көптеп кездестiруге болады. Бiрақ, арнайы бекiтiлген әлiпби болмағандықтан, әрқайсысы әртүрлi латын әлiпбиiн пайдалануда. Ендеше, ғалымдар мақұлдаған жаңа әлiппе енгiзiлсе, қоғам оны әрi қарай дамыта түсуге дайын деп айта аламын.

Тәуелсiз елiмiздiң өз таңбасын таңдай отырып, жаңа белестерге қадам басамыз. Тiлдiк ерекшелiгiмiз де айқындала түседi. Келешекте Мәңгiлiк елдiң iргесiн бүтiн, тәуелсiздiгiн тұғырлы ететiн жас ұрпақ төл таңбасымен мақтанатын болады. Елiмiздi мекен еткен түрлi этнос өкiлдерi де тiл сындырып, қазақ тiлiнде оқуға үйренедi. Мұның бәрi ұлт болып бiрiгiп, мемлекеттiк тiлдiң аясында топтасуымызға септiгiн тигiзер едi.

Дамыған отыздыққа ұмтылған қазақ елiнiң еңсергенi мен өткергенiн ескерсек, бұл бiздер жаңа дәуiрге салған жарқын жол iспеттi. Өркендеу мен өрлеуге, жадымыздың жетiлуi мен санамыздың серпiлуiне қайта рух берерi анық. Ендеше, ұлттық мәселеге шардаралықтар да үн қосып, қолдайтынын жеткiзгiм келедi.

Қосай АЛТЫНБЕКОВ, ОҚМПИ-дiң аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты: «Ғалымдар жоғары деңгейде жұмыс iстеген»

– Парламент Мәжiлiсiнде қазақ тiлiнiң латын графикасындағы жаңа әлiпбиiнiң жобасы таныстырылды. Менiңше, жұмыс тобы, атап айтқанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тiл бiлiмi институтының ғалымдары жоғары деңгейде жұмыс iстеген. Жобаға сәйкес жаңа әлiпбиде латын графикасындағы 25 әрiп пен қазақтың төл дыбыстарын таңбалайтын 8 диграф берiлiптi. Бұл бiр жағынан ана тiлiмiздегi барлық дыбыстарды қамтуға мүмкiндiк берсе, екiншi жағынан әлiпбиде түрлi әрiптердiң асты-үстiнде үтiр, нүктелердiң болмағаны өте жақсы. Өйткенi, онда белгiлердi компьютерлiк бағдарламаларға енгiзу қолайсыз болар едi.

Парламент сағатында сөз алған Бiлiм және ғылым вице-министрi Асхат Аймағамбетов «Жаңа графика бекiтiлген жағдайда барлық бiлiм беру мекемелерiнде жаңа жазбаны енгiзудiң кестесiн бекiтудi жоспарлап отырмыз. Осының барлығын алдымен педагогикалық, ата-аналар қоғамдастығымен, сондай-ақ, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министрлiктерiмен талқылаймыз» деп, алдағы жұмыстарда асығыстыққа жол берiлмейтiнiн, сондықтан барлық шаралар бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiлетiнiн жеткiзiптi. Өзiм бiлiм беру мекемесiнiң басшысы ретiнде бұл ұстанымды толық қолдаймын. Латын әлiпбиiне тездетiп көшемiз деп, бұл iстi науқаншылдыққа айналдырып алсақ, орны толмас қателiктерге ұрынуымыз мүмкiн.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper