"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ШАРА

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:11
УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ШАРА

 

Елiмiзде мәресiне таяған жекешелендiру үдерiсi отандық кәсiпкерлiктi нығайту; мемлекеттiң экономикаға қатысу үлесiн азайту; мемлекеттiк активтердi белсендi меншiк иесiне өткiзу жолымен елдiң жеке бизнесiн одан әрi дамыту мақсатында жүргiзiлуде. Бұл бағытта өңiрiмiзде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қалай? Облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Рақымбердi Мүлкемановтың айтуынша, жекешелендiрудiң екiншi толқыны аясында 2014–2020 жылдары Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiндегi 36 заңды тұлға мен «Шымкент» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамына қарасты 8 ұйымды бәсекелестiк ортаға беру жоспарланған.

 

Өткен үш жылда облыс бойынша коммуналдық меншiктегi 12 нысан 581,5 млн. теңгеге сатылса, 24 нысанды сату кестесiне сәйкес, биыл - 21 ұйымды, 2018 жылы 1 ұйымды бәсекелестiк ортаға беру белгiленген. Бүгiнде 2 ұйым бойынша банкроттық жұмыстары жүргiзiлуде.

Биыл жекешелендiруге жататын 21 нысанның 9-ы сатылды. Атап айтқанда: «Түркiстан қонақүйi» ЖШС-нiң 100% мемлекеттiк үлесi 28 маусымда өткiзiлген сауда-саттықта 279359,4 мың теңгеге, Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң «Қараспан лагерi» ЖШС-нiң 100% мемлекеттiк үлесi 5 шiлдеде өткiзiлген сауда-саттықта 2286,9 мың теңгеге, Отырар ауданы әкiмдiгiнiң «Отырар-Көгалдандыру» МКК мүлiктiк кешенi 1 тамызда өткiзiлген сауда-саттықта 2648,0 мың теңгеге саудаланды. Ал, Арыс қаласы әкiмдiгiнiң «Қызмет-Сервис-Арыс» ЖШС-нiң 100% мемлекеттiк үлесi 11 тамыздағы сауда-саттықта 52007,8 мың теңгеге, ОҚО бiлiм басқармасының «Облыстық мектеп олимпиадаларын өткiзу орталығы» МКК 15 тамыздағы сауда-саттықта 330 мың теңгеге және «Оңтүстiк Қазақстан облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нiң 100% мемлекеттiк үлесi 88,8 млн. теңгеге сатылды. Сонымен қатар, 31 тамызда өткiзiлген сауда-саттықта Шымкент қаласының «Спорт сарайы» ЖШС-нiң 67,9% мемлекеттiк үлесi 128,1 млн. теңгеге, «Арх-Нана-Проект» ЖШС-нiң 49% мемлекеттiк үлесi – 2,9 млн. теңгеге және 6 қыркүйектегi сауда-саттықта Ордабасы ауданының «Темiрлан» ЖШС-нiң 100% мемлекеттiк үлесi 549,8 мың теңгеге жекеменшiкке өттi.

Сондай-ақ, 5 нысан кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлiк басқаруға берiлдi. Олар – «ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қыран» футбол клубы» МКҚК, «Орталық су-спорт кешенi» МКҚК, Сарыағаш қаласы әкiмiнiң «Сарыағаш-Тазалық» МКК, «Бiркөлiк» оңалту-сауықтыру кешенi» ЖШС-i және «Ақсу-Жабағылы» оңалту-сауықтыру кешенi» ЖШС-i.

Қалған 4 нысан электронды сауда-саттыққа қойылса, 2 нысан кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлiк басқаруға беру бойынша тендерге қойылды. Ал, 1 нысан биыл 1 қазанға дейiн тәуелсiз бағалаушылармен нарықтық құны анықталғаннан кейiн сауда-саттыққа шығарылады.

Бұдан басқа «Шымкент» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамына қарасты 8 ұйымның 2017 жылы 5-еуiн және 2018 жылы 2-еуiн бәсекелестiк ортаға беру жоспарлануда. Ал, 1 ұйым бойынша банкроттық рәсiмдерi жүргiзiлуде.

Бүгiнде «Шымкент» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының жекешелендiруге жататын 5 ұйымның 3 ұйымы бойынша («Тұран құрылыс» ЖШС, «Құрылыс сапа» ЖШС және «Автострой - Шымкент» ЖШС) бағалау есептерi алынып, 12 қыркүйек күнгi сауда-саттыққа қойылды. Ал, 2 ұйым бойынша нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жұмыстары жүргiзiлуде.

Елбасының Жолдауында айтылған кең ауқымды жекешелендiру мен бәсекелестiктi ұлғайту жөнiндегi тапсырманы iске асыру үшiн жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алу үдерiсiн одан әрi жандандыру арқылы мемлекет меншiгiн «жеңiлдету» барысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әлемдiк тәжiрибе бойынша жекеменшiктегi нысандар әлдеқайда жақсы дамиды. Сондықтан Үкiмет елiмiздегi маңызды орындарды басқаруда кәсiпкерлердiң үлесiн арттыру арқылы алға жылжуға нәтижелi қадамдар жасады. Келесi жылы жекешелендiрудiң кешендi жоспарын жүзеге асыру мерзiмiнен бұрын аяқталады деп күтiлуде. Уақыт талабынан туындаған бұл шараның ел экономикасын одан әрi нығайта түсуге оң ықпалын тигiзе беретiнiне сенiм мол.

Слам НҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ, ОҚО қаржы басқармасының баспасөз хатшысы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper