"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


БАЛАЛАР САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:01
БАЛАЛАР САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

 

Бәйдiбек ауданының орталығы Шаянды көркейту, көрiктендiру жұмыстары күн санап жанданып келедi. Жақында Шаянда ауданымыздың көркiне көрiк қосып, балалардың қуанышы мен мерейiн еселейтiн тағы да бiр саябақ «Балалар аллеясы» ашылды. Аллеяның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкiмi Б.Танагөзов: «Алдағы уақытта осындай балалар аллеясын көбейтудi, шағын саябақтарды кеңейтудi жоспарлап отырмыз. Ал, әзiрге балалардың қажеттiлiктерiн осы аллея қамтамасыз етедi деген ойдамыз. Балаларымыз осы жерге келiп қызық көрсiн, ойларын да, бойларын да өсiрсiн» дедi.

 

Жиынды ашқан аудан әкiмi Б.Танагөзов, соғыс ардагерi Б.Игiсiнов және «ҚР бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» Қ.Есенбекова саябақ лентасын қиды.

Иә, сәбилердiң балалық шақтары қызықты өтсе, олар келешекте жақсылыққа, сұлулыққа жаны құмар, тек бейбiт өмiрдiң тыныштығын тiлеген, сол жолда еңбек ететiн азаматтар болары күмәнсiз.

Ж.НҰРБАЙҚЫЗЫ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper