"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


СҮТ КЛАСТЕРIН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:55
СҮТ КЛАСТЕРIН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

 

Кооператив құрудың пайдалы екенiн әлi де жете түсiнбей жүрген шаруалар аз емес. Бiрiгуге, iрiленуге жүрексiнiп жүргендерi де баршылық. Ал, қалың тұман мен қою күмәндi насихат пен дұрыс түсiндiру жұмыстары сейiлтетiнi анық. Осыны ескерген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Шымкенттегi механикалық зауытта семинар-кеңес өткiздi. Сүт кластерiн дамыту жолы кеңiрек қаузалған келелi кеңеске өңiрiмiздiң аудан, қалаларынан шаруалар келiп қатысты. Жиынды облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев ашып бердi.

 

– Түсiндiру жұмыстарының нәтижесiнде облысымызда кооперативтер көбейiп, республика бойынша бiрiншi орынға шықты. Мемлекет тарапынан еңбек етемiн дейтiн азаматтарға қолдау көрсетiлiп жатыр. Мәселен, биыл республика бойынша ауыл шаруашылығын несиелендiруге 27 миллиард теңге бөлiнсе, оның 3,2 миллиард теңгесi Оңтүстiк Қазақстан облысына бағытталып отыр, – деген өңiр басшысы кооператив басшыларына 10 модульдi сүт қабылдау бекетiнiң кiлтiн салттанатты түрде тапсырды. Тапсырып тұрып, сүт кластерiн дамыту – заман талабы екенiн де айта кеттi.

– Мiне, өздерiңiзге тапсырылған сүт құю бекетiнiң бiреуi 5 миллион теңге тұрады. Оның 50 пайызын мемлекет субсидиялап берiп отыр. Бұл да үлкен көмек. Iшiндегi сүт құятын қазандық пен зертхана Түркиядан әкелiндi. Ал, қазандық орналасқан шағын бекет өзiмiздiң Шымкентте жасалды. Бұл бекеттер ыңғайлы әрi сапалы. Болашақта жылжымалы мал сою бекеттерiн де көбейткен жөн, – дедi Ж.Түймебаев.

Бүгiнде облыста 55 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалығы iрiленiп, бiрiктiрiлген кооперативтер саны 596-ға жеттi. Тиiстi қолдаудың арқасында 33 сүт қабылдау бекетi жұмысын бастап кеттi.

Семинарда ауыл шаруашылығы саласының өкiлдерi көкейде жүрген түрлi сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Оларға мемлекет тарапынан берiлетiн жеңiлдiктер мен несиелер туралы мағлұмат жазылған үнпарақтар таратылды. Келешекте сүт қабылдау бекеттерi барлық ауыл округтерiнде орнатылып, оған тұрғындар сүт өткiзетiн болады. Ал, сүт кластерi дамыса, мал саны, оған берiлетiн жем-шөп молаяды. Ол дегенiңiз – жаңа жұмыс орындары!

Ғабит САПАРБЕКОВ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper