"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


МЕКТЕБIҢ ҚАНДАЙ, БОЛАШАҒЫҢ СОНДАЙ!

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:50
МЕКТЕБIҢ ҚАНДАЙ, БОЛАШАҒЫҢ СОНДАЙ!

 

Мектеп ғимараттарының жетiспеушiлiгi, барының өзiнiң тарлығы – облыс орталығындағы бiлiм ұяларында көптен берi қалыптасқан проблема. Сондықтан да Шымкентте алдағы 5 жылда мектеп құрылысына басымдық берiлiп отыр.

 

Кеше ғана өткен Бiлiм күнi мерекесiнде Шымкентте жаңадан салынған 7 мектеп ғимараты пайдалануға берiлдi. Оның бесеуi мемлекеттiк «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Олар:

– «Сәуле» шағынауданындағы №129 орта мектеп (1200 орынды);

– Қайнарбұлақ елдi мекенiндегi №125 орта мектеп (1200 орынды);

– Жаңаталап елдi мекенiндегi №128 орта мектеп (600 орынды);

– «Достық» шағынауданындағы №69 орта мектеп (1200 орынды);

– «Ақжайық» шағынауданындағы №59 орта мектеп (600 орынды).

Жаңадан салынған мектеп ғимараттары заман талабына сай және соңғы технологияға сәйкес жабдықталған. Мысалы, №129 мектепте мамандар сапалы бiлiм алуға қажет жағдайдың барлығы жасалған деп отыр. Үш қабатты ғимарат 1200 оқушыға лайықталған, жалпы ауданы 9900 шаршы метрдi құрайды. Мектепте 58 оқу сыныбы, химия, физика кабинеттерi, биологиялық зертханалар, мультимедиялы-лингафон кабинетi, компьютер сыныбы, кiтапхана, асхана, сондай-ақ, оқу және конференц-залдары бар.

Айта кетейiк, Шымкентте қазiр 132 мектеп, 88 балабақша және мектептен тыс 8 мекеме бар. Жаңа мектептер мен қосымша ғимараттардан бөлек биыл көп жылдан берi алғаш рет қала бюджетiнен қаржы бөлiнiп, 118 мектепке жөндеу жұмыстары жүргiзiлген. Бұған қоса 10 000 оқу партасы, 1000 тақта, 382 кiтап шкафы сатып алынған.

Мектептердiң аумағын қоршау мәселесi де өз шешiмiн тауып отыр. Қаладағы 19 мектепте спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берiлмекшi. Тағы бiр жаңалық, биыл шаһардағы 64 мектепте робототехника үйiрмелерi ашылады. Оның 19-ына облыс бюджетiнен, ал, 45 үйiрмеге қала бюджетiнен қаржы бөлiнген.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper