"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ПРОКУРОРЛАР ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТI

Сенбі, 26 Тамыз 2017 15:56
ПРОКУРОРЛАР ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТI

 

Облыстық прокуратура жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Орталық бiр мезетте 30 адамды қабылдауға қауқарлы. Онда прокурорлар сотқа дейiнгi қылмыстық процестiң, атқарушылық өндiрiстiң заңдылығын, қылмыстық және азаматтық iстердiң заңдылығын қадағалау мәселелерi бойынша тұрғындардың өтiнiштерiн қабылдайды.

 

Облыс прокурорының орынбасары Жанболат Туғанбаевтың айтуынша, орталық азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың сенiмiнен шығу мақсатында ашылған.

– Мұнда төрт мәселеге басымдық берiледi. Атап айтар болсақ, прокурорлар азаматтардың өтiнiштерiн қабылдап, құқықтық кеңес берумен қатар қабылдауға жазылу мен жазылған арыздарды қарау барысымен таныстырады. Бұрынғыдай прокурорларды сағаттап күтпей, қажеттi ақпаратты кез келген уақытта ала алады, – дейдi Жанболат Сейдахметұлы.

Заңдылықты қадағалау өкiлiнiң сөзiнен аңғарғанымыз, жақын арада тағы бiр орталық тұрғындарға есiгiн айқара ашатын көрiнедi. Құқық қорғау қызметтер орталығында «бiр терезе» арқылы кез келген азаматқа құқықтық көмек көрсетiлмек. Әсiресе, мүмкiндiгi шектеулi жандар үшiн мұнда нотариус, қорғаушы, психолог, медиатор және пробация мамандары тегiн заң көмегiн ұсынып, құқығы бұзылған немесе зорлық-зомбылық көрген жәбiрленушiлер үшiн арнайы мамандар жұмыс iстемек.

Шара барысында облыс прокуроры жанындағы консультациялық кеңес мүшелерi үшiн жабдықталған арнайы бөлме ашылды. Олар мұнда облыс прокурорының қабылдауына келген азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселенiң оң шешiлуiне ықпал жасамақ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper