"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ОҚО-да 5 АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ІРІ ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ

Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 17:21
ОҚО-да 5 АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ІРІ ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ

Кеше шамамен сағат 20.00-де Бәйдібек ауданының аумағындағы Шымкент-Шаян тас жолы бойында «Ауди» және «Мерседес» автокөліктері соқтығысып, нәтижесінде, 1976, 1988, 2012 және 2016 жылы туған «Ауди» автокөлігінің жолаушылары оқиға орнында көз жұмған.  Ал, 1973 жылы туған көлік жүргізушісі ауруханада қайтыс болған.

 

«Ауди» автокөлігінде болған 1982, 1988, 2010, 2011 жылы туған жолаушылар мен «Мерседес» көлігінің 1965 жылы туған жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Олар ОҚО және Жамбыл облысының тұрғындары.            

 ҚР ҚК-нің 345- бабымен, яғни «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper