"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI ӨЗГЕРДI

Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 10:34
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI ӨЗГЕРДI

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының азаматтарды жеке қабылдау мәселелерiне талдау жасады. Нәтижесiнде жергiлiктi жерлерде азаматтарды қабылдау айына бiр рет жүргiзiлетiндiгi анықталды.

 

Сондықтан комитет тарапынан мемлекеттiк органдардың  аумақтық бөлiмдерiнiң бiрiншi басшылары мен әкiмдер, соның iшiнде ауыл әкiмдерi азаматтарды аптасына кемiнде бiр рет қабылдау тәжiрибесiн енгiзудi ұсынды. Аталмыш шара халықпен байланысты жақсартуға мүмкiндiк бермек.

Бұл ұсыныс облыстағы мемлекеттiк орган басшылары тарапынан қолдау тауып, азаматтарды және заңды тұлға өкiлдерiн жеке қабылдау кестелерi өзгертiлдi. Бұдан былай, мемлекеттiк органдардың  аумақтық бөлiмдерiнiң бiрiншi басшылары мен әкiмдер, соның iшiнде ауыл әкiмдерi азаматтарды аптасына кемiнде бiр рет қабылдайтын болды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң ОҚО бойынша басқармасы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper