"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚЫЛМЫСТЫҚ IС ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ҚАРАЛДЫ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:22
ҚЫЛМЫСТЫҚ IС ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ҚАРАЛДЫ

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан».

Шымкент қаласының Абай аудандық соты республикада алғаш рет қылмыстық істі электрондық форматта қарауға қол жеткізді. Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған шара «Электрондық қылмыстық іс» атты Жоғарғы cот тарапынан ұсынылған пилоттық жоба негізінде жүзеге асып отыр. Жобаға сай еліміздің барлық өңіріндегі қылмыстық істер ендігі жерде электрондық форматта қаралады.

 

Осы ретте көпшілік тарапынан «мұндай бастама сот жүйесіне қаншалықты тиімді?» деген сауал туындауы мүмкін. Жаңа жүйенің артықшылығы сол, судьялар енді бұрынғыдай том-том құжат арқалап жүрмейді. Яғни, қазылар қағазбастылықтан құтылып, істі электронды түрде қарауға көшеді. Тергеуден бастап, сотқа дейінгі сатылардың барлығы дерлік «ақылды жәшіктің» көмегімен жүзеге асады. Ілгерідегідей тергеушінің бір қағаз үшін прокурорды сағаттап күтуіне немесе прокурор мен адвокаттың болмаса тергеушінің қисапсыз құжатпен сотқа жүгіруіне жол берілмейді. Әркім өзіне тиесілі қағазды элекронды түрде жолдап отырады.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3- тармақшасымен айыпталған О.А.-ға қатысты қылмыстық іс Абай аудандық сотында осындай жаңа форматта қаралды. Онда судьядан бастап өзге де іске қатысушы тараптар қылмыстың ақ-қарасын электронды жүйе арқылы анықтауға тырысты. Прокурордың мәлімдеуінше, ақшадан тарыққан Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны өзге емес, өз бауырының үйін тонап, қылмыстық әрекетке барған. Ол өткен жылдың желтоқсан айында қосалқы кілтпен әпкесінің үйіне кіріп, құны 30 мың теңгелік жылытқыш пешті қолды қылған. Қомақты дүниені таксимен Қырғы базарға апарып, оңай олжаны белгісіз біреуге 15 мың теңгеге сатып жіберген. Оның екі мың теңгесін жүргізушіге беріп, қалғанын қажетіне жұмсаған. Көп өтпей қылмысы әшкереленген ол сотта бар кінәсін мойындауға мәжбүр болды. Іске төрағалық еткен судья Э.Бакирова айыпталушының шығынның орнын толтыруына байланысты екі тараптың мәмілеге келгенін ескеріп, қылмыстық істі қысқартуға шешім қабылдады.

Қылмыспен байып, көсегем көгереді деу надандық. Арам ақшаға құныққаннан гөрі дұрысы адал еңбек еткен. Ойнақтап жүріп от басуға бейім өзге де құлқынқұмарларға бұл іс сабақ болса игі.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper