"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫ ДЕГЕН КIМ?

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 10:25
ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫ ДЕГЕН КIМ?

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан».

Кез келген жаңалық қоғамның қажеттілігіне сай енгізіледі. Әсіресе, сот-құқықтық реформаларға қатысты өзгерістердің қолға алынуына азаматтардың құқығын таза, әділ әрі жедел қорғауға деген ниеттің түрткі болғанын аңғару қиын емес. Мысалы, жаңа өзгерістермен толыққан қылмыстық процестік кодексте «тергеу судьясы» дейтін жаңа лауазымның мақсат-міндеттері белгіленіп отыр. Бұл лауазымның сот жүйесіне енгізілуі де тегін болмаса керек. Өйткені, сотқа дейінгі материалдардың шала тергеліп, шикі зерттелетінін көз көріп жүр. Іс тергеліп, сотқа жіберілгендіктен, енді ондағы кемшіліктер үшін тергеу орындары емес, судьяның жауапты болатыны айтпаса да түсінікті. Әсіресе, екіұшты, нақты көрсетілмеген дәйектер қазының қателікке жол беруіне түрткі болуы ғажап емес. Бұл өз кезегінде азаматтардың судьяға деген сенімін сетінетіп, сот жүйесінің беделіне айтарлықтай сызат түсіреді. Ал, осындай кемшіліктерді болдырмас үшін жаңа заңнамада тергеу судьясының құзыреті нақтыланып отыр.

 

Тергеу судьясы кiм? Ол iстiң сапалы қаралуына, үкiмнiң әдiл шығарылуына қаншалықты көмектеседi? Бұл сұрақ тергеу судьясы туралы алғаш естiген жандардың көкейiнде тұрары анық. Тергеу судьясы – бiрiншi сатыдағы сот судьясы. Оны сот төрағасы судьялардың қатарынан тағайындайды. Және тергеу судьясын төраға кез келген уақытта ауыстыра алады. Сонымен, тергеу судьясы қандай құзыретке ие? Ол сотқа дейiнгi iс жүргiзу кезiнде күзетпен ұстауды, үйқамақты, лауазымынан уақытша шеттетудi, жақындауға тыйым салуды, экстрадациялық қамақты және осылардың мерзiмдерiн ұзартуды, кепiлдi қолдану, мүлiкке тыйым салуды санкциялай алады. Бұған қоса, күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымдарға мәжбүрлеп орналастыру, күдiктiге, айыпталушыға халықаралық iздеу жариялау мәселесi де тергеу судьясының құзырына берiлген. Тергеу судьясы адвокаттардың жұмысына да жаңа серпiн бередi деген сенiм бар. Өйткенi, қорғаушының қылмыстық iске қатысты кез келген мәлiметтi алуына, техникалық құралдарды пайдаланып, көшiрiп түсiрiп алуына тергеу судьясы арқылы қол жеткiзедi.

Мiне, осындай жаңалықтар алып келген жаңа лауазым иелерi қазiр барлық аудандық соттарда өз жұмысын бастап кеттi. Сондықтан олардың заң талаптарын тиiстi деңгейде орындап, халықтың құқығын қорғауда сот жүйесiн жаңа белеске көтередi деген сенiм мол.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper