"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚОҒАМДЫ ҚАТЫГЕЗДIКТЕН САҚТАУ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕДI

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 11:25
ҚОҒАМДЫ ҚАТЫГЕЗДIКТЕН САҚТАУ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕДI

 

Соңғы жылдар iшiнде елiмiздегi құқық қорғау органдарының заңды да әдiл қызметiн қалыптастыруда жүргiзiлген сындарлы реформалар аз емес. Дегенмен, қол жеткенге тоқмейiлсуге болмайды. Реформалар жалғаса беруi керек. Әсiресе, қылмыстық iс жүргiзу барысында орын алатын келеңсiздiктер жұмысымызды әлемдiк талаптарға сай жетiлдiрiп, сапасын арттыруды мiндеттейдi. Сарапшылардың пiкiрiнше, құқығы бұзылған азаматтардың көпшiлiгi тергеу iстерiнiң әдiлетсiздiгi мен құқық қорғау органдарының өз құзыретiн асыра пайдаланатынына жиi наразылық бiлдiредi екен. Осы жағдайға назар аударған Елбасы қылмыстық процестi өмiрдiң жаңа талаптарына, сондай-ақ, адам құқын қорғауды халықаралық стандарттарға сәйкестендiру қажеттiгiн жүктедi.

 

Жаңа заң жобасы қылмыстық процеске халықтың көзiмен қарауды меңзейдi. Айталық, бiрiншiден, заң жобасы қоғамда құқық үстемдiгiн қамтамасыз ете отырып, адам құқығын қорғау тетiгiн барынша күшейтпек. Сол арқылы тараптардың жарыспалылық деңгейiн арттырып, қылмыстық iстiң сотқа дейiнгi сатысына сот бақылауын айтарлықтай кеңейтудi көздейдi.

Сонымен қатар, Қазақстанның құқықтық мемлекет ретiндегi мәртебесiн нығайтуға жол ашады. Осы ретте күдiктiнi сот санкциясынсыз ұстау мерзiмi 72 сағаттан 24 сағатқа, яғни, үш есеге дейiн қысқартылуын кез келген кәмелетке толмаған жеткiншек үшiн бiрден бiр оң шешiлген мәселе дер едiк. Ересектердiң көпшiлiгi үшiн бұл мерзiмдi 48 сағатқа қысқарту ұсынылды. Бұл халықаралық тәжiрибеге сәйкес келедi. Осылайша, құқық қорғаушылар және басқа тұлғалар тарапынан өз қызметiн асыра пайдалану аясы елеулi түрде тарылатын болады.

Сондай-ақ, бүгiнде прокуратура құзырында қалып отырған кепiл, куәлендiру, үлгiлердi алу, жасырын тергеу әрекеттерiне санкция беру құзыретiнiң сотқа берiлуi де маңызды қадам болып отыр. Ұлт жоспарының 22-шi қадамы бойынша азаматтардың конституциялық құқын шектейтiн барлық тергеу қызметi жөнiндегi өкiлеттiлiктi тергеу судьясына бiртiндеп беру арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерiмдi қамтамасыз ету мақсатында бiрқатар шаралар жүзеге асырылып, өз нәтижесiн берiп келедi. Оған дәлел, тергеу судьяларының қарауына түскен материалдар санының күн санап артуы. Бұл көрсеткiш қоғамда сот тергеуi институтының қажеттiлiгiн көрсетiп отыр. Ал, тергеу судьясы – сот бақылауын жүргiзiп, қылмыстық процестегi тараптардың теңдiгi мен жеке адамның құқығын сотта қорғап, негiзсiз айыптау мен соттаудан қорғайтын дербес тұлға. Оның құзырына «күзетпен ұстау», «үйқамақ» түрiндегi бұлтартпау шараларына санкция беру және күзетпен ұстау мерзiмдерiн ұзарту, сот-психиатриялық сараптама өткiзу үшiн адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп жатқызу, мүлiкке тоқтам салу, халықаралық iздеу жариялау, кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемеге орналастыру кiредi.

Қазiр көршi мемлекеттердiң көпшiлiгi жасырын тергеу әрекеттерiн сакциялауды сот бақылауына әлдеқашан-ақ берiп үлгерген. Бұл үрдiс – адамдардың құқығы мен бостандығын тиiмдi қорғауға мүмкiндiк беретiн басты тетiк. Сондықтан оны заңмен реттеу – ертеңге қалдыруды көтермейдi. Процестiк әрекеттердi санкциялау жөнiндегi материалдардың тiкелей тергеу судьясына жолдануы қылмыстық қудалау органдарына да ыңғайлы болмақ. Себебi, арада уақыт үнемделiп, қылмыстың дер кезiнде ашылуына септiгiн тигiзбек.

Қорыта айтқанда, қылмыстық реформаларды iзгiлендiру қоғамда қылмыстың көбеюiнiң алдын алуға бағытталып отыр. Дегенмен, заң талаптарын әлi де саралау, салмақтау, қоғамды сан түрлi қатыгездiктерден сақтау – басты мақсатымыз болып қала бермек.

Бүркiт БАЙДУЛЛАЕВ, облыстық соттың судьясы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper