"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ЕЛГЕ БАЙ ҚҰТ ЕМЕС, БИ ҚҰТ»

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 11:24
«ЕЛГЕ БАЙ ҚҰТ ЕМЕС, БИ ҚҰТ»

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Төле би бабамыздың осы бiр қағидасынан есейе келе түйгенiмiз, мұндағы «құт» адамның басына қонатын «бақыт құсы» екен. Сонда Төле би бабамыз елдiң басына бақтың қону-қонбауы биге байланысты екендiгiн тұспалдап тұрғай. Кешегi биiңiз – бүгiнгi судья. Демек, бүгiнгi судьяға да көп нәрсе байланысты. Судьяның мыңдаған жандардың тағдыры мен дауын шешiп, олардың құқығы мен бостандығын қорғайтынын ескерсек, ол шығаратын шешiмдердiң әдiлеттiлiгiне қарап адамдардың мемлекетке деген көзқарасы қалыптасатынын аңғару қиын емес.

 

Төле бидiң даналық сөзiн еске алуымыз бекер емес. Себебi, облыстық соттың жылжабар шарасы жас судьяларды тәрбиелеуге арналды. Бүгiнгi жас судьяның ертең төрде төрелiк айтатынын ескерсек, оларды осы бастан туралыққа тәрбиелеудiң маңызы ерек екенiн аңғарамыз. Жасыратыны жоқ, бүгiнде қара қылды қақ жаратын судья тәрбиелеу – өзектi iс. Елбасы бұл мәселенi судьялардың съездерiнде, жыл сайынғы Жолдауларында назардан тыс қалдырған емес. «Нұр Отан» партиясының кезектi бiр съезiнде: «Судьяларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қатайту қажет. Судьялыққа үмiткердiң нотариуста, полицияда немесе заңгерлiк жоғары оқу орнында емес, сот жүйесiнде бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi болуы тиiс. Қызметiн жаңа бастаған судьялар үшiн ұзақтығы ең кемi бiр жыл  сынақ мерзiмiн енгiзу де маңызды, одан өткен үздiктер судьялыққа сайланады» деген Елбасы нақты талаптарды атап көрсеткен болатын.

– Ең алдымен, судья бұра тартпайтын, әдiл де адал болғаны дұрыс, – дейдi сот жүйесiнiң ардагерi Темiр Өмiрбек. – «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағида бар қазақта. Мұның мағынасы билiк етушi ешкiмдi алаламайтын, адал, қара қылды қақ жарған әдiл болуы керек дегендi меңзейдi. Адам тағдырына қатысты үкiм шығаратын судьяның қателесуiне, көңiл-күйдiң жетегiнде кетуiне, өзiнiң iшкi түйсiгiне ерiк беруiне қақысы жоқ. Өйткенi, ол өзiнiң бiр ағат шешiмi бүкiл бiр құрылымның атына нұқсан келтiретiнiн, беделiне көлеңке түсiретiнiн есiнен шығармағаны абзал. Бұл жерде судьяның сауатсыздығынан, бiлiмiнiң төмендiгiнен қате кеттi деген түсiнiк мүлде болмауы керек. Себебi, судья кез келгеннiң қолынан келетiн лауазым емес. Осыны жас судьялар қаперiнде ұстаса игi.

Семинарда облыстық соттың судьялары Гүлмира Қыдырбаева мен Аида Чокморова, Еңбекшi аудандық сотының судьясы Светлана Шыналиева,  ардагер-судья Гүлнәр Cәмбетова  сөз алып, жас судьяларға тек кеңес берумен шектелмей, оларды практикалық тұрғыда сот iсiне араластырудың маңыздылығын алға тартты.

Кәсiбiне жаңа кiрiскен жас маман айналасынан қолдау күтедi. Солардың кәсiби дағдысы мен өмiрлiк тәжiрибесiнен нәр алуға тырысады. Сол секiлдi жас судьяларға да аға буын тарапынан бұра тартпас бағдар, туралықты ту етер талапшылдық қажет.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper