"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Екі бірдей туысын жалмаған қанды қырғыннан соң аман қалған жалғыз куәгер Софья Лускина, сотқа келуден бас тартқан (сот залынан )

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 08:53
Екі бірдей туысын жалмаған қанды қырғыннан соң аман қалған жалғыз куәгер Софья Лускина, сотқа келуден бас тартқан (сот залынан )

КӨРШІ РЕСЕЙ ЕЛІНДЕ 19 ЖЫЛ БҰРЫН ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ 54 ЖАСТАҒЫ ӘЛЕН БЕЙСЕНБАЕВ ЕКІ АДАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛДЫ. СОТ ҮКІМІМЕН 20 ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛДІ,-деп хабарлайды otyrar.kz. Сот процесі алқа билер сотының қатысумен өтті. Прокурордың мәлімдеуінше Ресейдің Курган қаласында коммерциялық іс сапармен жүрген кезінде сотталушы жалдамалы пәтер иелеріне шабуыл жасаған. Бейсенбаев ерлі-зайыпты Котиктерді өлтірген.

Қанды оқиға кезінде үйде болған марқұмдардың туысы Софья Лускина әйтеуір аман қалған. Әбинұр Қарабаев, ОҚО мамандандырылған ауданарлық қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы: «Сотталушы марқұмдардың басына, денесіне көптеген жарақат салған. Нәтижесінде Котик Любовь оқиға орнында жан тапсырған. Марқұмның жұбайы ауруханада есін жимастан бес күннен кейін бақилық болған. Ал туыстары Лускина ауыр дене жарақаттарын алған. Есінен танып, жастықта қанға малынған оны қылмыскер өлдіге санаған». Қанды оқиға 19 жыл бұрын болған. Қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмаған. Екі бірдей туысын жалмаған қанды қырғыннан соң аман қалған жалғыз куәгер Софья Лускина, сотқа келуден бас тартқан. «Өкінішке орай, Лускина Израиль мемлекетінің азаматы. Жасының егделін алға тартқан куәгер қанды оқиғаның егжей тегжейі есінде жоқ екендігін, тіпті еске түсіргісі келмейтіндігін айтқан. Ешкімге ешқандай арызы да, шағымы да жоқ»-дейді судья. Тергеу кезінде қылмыс құралын да таппаған. Он тоғыз жыл ішінде өлтірілгендердің киімі жоғалған, басқа да заттай айғақтар ғайып болған. Сотталушы шын мәнінде марқұмдардың үйін жалдап тұрғанын мойындайды. Сол күні үйге келгенде қанға бөккен үй қожайындарын көріп, шошып кеткен. Қылмысты өзіне таңып жібереді деген қорқынышпен Қазақстанға қайтып кетеді. Осы жылдар арасында ешкімнен ешқашан жасырынбаған. Екі рет куәлік берген. Дегенмен алқа билер соты оны кінәлі деп тапты.

Әбинұр Қарабаев, ОҚО мамандандырылған ауданарлық қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы: «Алқа билер соты осылай шешті. Бірақ іс бойынша бірқатар дәлелдер бар. Куәгер Лускина бөлмеге осы адамның кіріп келгенін, басынан қатты соққы жасағанын айтқан. Оны көршілер де көрген. Бір көршісіне есік ашпай қойған. Екінші көршісі келгенде есікті марқұм үй иесі Анатолий Котиктің ашқанын, артында осы жігіттің тұрғанын көргенін айтқан. Оның үстіне марқұмның сол кезгі халі түсініксіздеу болғанын да куәгер көрші тілге тиек еткен». Әлен Бейсенбаев 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушының қорғаушылары аппеляциялық шағым келтіретіндіктерін айтып отыр.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper