"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


1,5 МЛН. ТЕҢГЕ ПАРА АЛДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН

Жұма, 05 Қаңтар 2018 15:18
1,5 МЛН. ТЕҢГЕ ПАРА АЛДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан сәтінде қолға түсті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады,деп жазады sn.kz.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы Ерлан Біләлді ұстау сәті түсірілген фотоматериалдар тарап кеткен болатын. "Алматыда заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан сәтінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл ұсталды. Ол осынау қаражатты Жаңа жыл уақытында театр базасында балаларға арналған қойылымдар өткізуге жалға беру үшін пара ретінде алған. Өзіне тағылған айыптарды толықтай мойнына алғандықтан ол қамалған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді агенттіктің баспасөз хатшысы Нұрлан Жахин. Біләл Ерлан Әбділдаұлы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper