"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕТІК ІШІНЕН ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 13:28
ЕТІК ІШІНЕН ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Алматы облысында темір тордың арғы жағында отырған адамға жіберілген аяқ киімнің ұлтарағының астына есірткі жасырылған, деп мәлім етті ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі. Бұл туралы http://www.inform.kz хабарлайды.

«Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/4 түзету мекемесінің қызметкерлері сотталушыға жіберілген сәлемдемені тексеру барысында, қысқы кроссовканың ұлтарағының астынан целлофанға оралған белгісіз зат тауып алды. Арнайы сараптама табылған заттың салмағы 65 грамм гашиш екендігін анықтады», - деп жазылған ведомство хабарламасында. Аталған іс бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті. Осыған ұқсас оқиға Павлодар облысында да тіркеліп отыр. «Павлодардағы тергеу изоляторының сәлемдеме тапсыру бөлмесінде қала тұрғыны қолға түсті. Оның қамауда отырған адамға тапсырған заттарын тексеру барысында тосаптан босаған пластмасса ыдыстан марихуана табылды. Арнайы сараптама табылған ораманың есірткі екендігін анықтады», - деп хабарлайды ҚАЖ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper