"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ТЕК МЕШІТТІ ТОНАП КЕЛГЕН

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 15:15
ТЕК МЕШІТТІ ТОНАП КЕЛГЕН

Түркістан ҚІІБ- ның қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп күні кеше 2 күдітіні құрықтады,-деп жазады Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әлжанұлы Әбдірайымов фейзбуктегі парақшасында.

"Атап айтқанда, осыдан екі күн бұрын мешітке ұрлыққа түсіп, бірқатар азаматтарымыз, бұнысы несі ұрының деп жағаларын ұстаған болатын. Тек мешіттерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен 30 жас шамасындағы бұл азамат кеше кешкісін келесі бір мешітке ұрлыққа түсу кезінде құрықталды. Бұл адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" делінген жазбада.

   Руслан Әлжанұлның айтуынша, екінші оқиға бойынша 12.09.2017 жылы кешкісін 2 азамат күш қолдану арқылы 25 жас шамасындағы әйел кісіні шалып құлатып, ашық түрде ұялы телефонын тартып алып, бір біріне ұялы телефонды өткізу арқылы оқиға болған жерден қашқан. Дер кезінде полицияға xабарлаудың нәтижесінде, тонаушылардың бірінің ізін суытпай құрықталған. Күдіктінің біреуі   қамауға алынған.  екіншісі іздестірілуде. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper