"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ҚҰРАЛБЕККЕ ІЗДЕУ САЛАДЫ

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 12:13
ҚҰРАЛБЕККЕ ІЗДЕУ САЛАДЫ

Кеше 19.30-дар шамасында Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби полиция бөліміне 1977 жылы туған Бәйдібек ауданының тұрғыны арызданып келген. Оның айтуынша, арнайы мектеп-интернатта оқитын 20.12.2007 жылы туған ұлы Құралбек Нүркен Талғатұлы 12 қыркүйек күні сағат 13.45-тер шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

 

Ерекше белгілеріне тоқталар болсақ, бойы – 133 см, арықша келген, қысқа қырыққан қара шашты. Үстіне қара түсті спорттық киім киген. Аяғында жеңіл жаздық аяқ киімі бар. Айрықша белгілері: аздап психологиялық ауруы бар. Жай және күмілжіп сөйлейді.

Қазір аудандық полиция қызметкерлері хабарсыз кеткен Құралбек Нүркенді іздестіру үстінде. Егер де көрген-білген адам болса, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі  54-53-66 немесе «102» телефондарына тез арада хабар берулеріңізді сұрайды. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper